Астанада ҚР Президенті "Бейбітшілік қабырғасы" монументін ашты
Монументтің құны 1,8 млрд теңгені құрайды. Ал оның құрылысын Ақтөбе облысының кәсіпкерлері қаржыландырды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада "Бейбітшілік қабырғасы" монументінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.
- Қазақстан бейбітшілікті қолдау тұрғысында көшбасшы (ядролық сынақтарға қарсы - IF-K). (...). Бүгін біз мұнда әрбір адам келіп көретін ерекше монументті ашып отырмыз. Бұл жерде "бейбітшілік" сөзі барлық тілдерде айтылатын болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішті ашқан сәтте. - Бұл монументте сынақ алаңының жабылу тарихы, ядролық қару-жараққа қарсы күрес туралы жазылған.