Құрбандық малын саудалауға болады
Құрбан айт науқанда мал бағасының күрт қымбаттайтыны белгілі. Жомарт мұсылмандар да бұл күні қалтасындағы қаржысын аяп қалмайды
Алайда Халифа Алтай атындағы облыстық мешіттің бас имамы Ермек қажы Тасболатұлы құрбандыққа шалынатын малды сатып алар алдында саудаласудың сүннетке сай сауап екендігін айтады.
- Ұлық Пайғамбарымыздың өзі (с.ғ.с) құрбандыққа шалынатын малды сатып алар кезде саудаласыңдар деп ескерткен. Шариғатымыздың өзі саудаласуға рұқсат берген. Алланың разылығы үшін шалынатын малды қаншалықты арзанға алсаң, соншалықты сауап болмақ. Өйткені, саудаласу кезінде мұсылмандар Жаратушымызға тәкпір мен мадақтау айтады. Ал мұның барлығы момын мұсылман үшін құптарлық іс, - дейді Ермек қажы Тасболатұлы.
Ал құрбандыққа шалынатын мал ауру-сырқаудан ада, қол-аяғы аман, дене бітімі түзу болуға тиіс. Құрбандыққа төрт түліктен тек жылқыны ғана шалуға болмайды. Құрбан ретінде шалынатын қой мен ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын сою абзал. Ал тауық, қаз, үйрек құрбан ретінде сойылмайды.
Следующая →

Тақырыптар:
Құрбандық малын саудалауға болады