Шымкенттік өнертапқыш ЭКСПО көрмесіне арбалы киіз үй әкелмек
Қолөнерші және өнертапқыш Еркінбек Бүкебаев өзінің ерекше ойларымен әлдеқашан танымал болған – бұл шебердің үшінші жұмысы
Жуықта ол көшпелі жеміс-жидек дүңгіршегін ойлап тапқан. Енді, ол «арбадағы киіз үйімен» қалалықтарды қайта таң қалдырды. Тіпті, өңірге барған ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ойлаптапқыштың жұмысына қызығушылық тудырған. Ол кезде инновациялық жобаға «Қазақ арбасы» деген атау берілген.
«Қазақ арбасын» ойлап табуға шебер алты айын сарп еткен. Кейбір бөлшектерін шетелге тапсырыс беріп алған. Жаңа технологиялар мен ұлттық саланы байланыстырған туынды енді Астанадағы халықаралық ЭКСПО көрмесіне ұсынылады.
- Әлемде қарапайым кйіз үйге механизацияланған бөлшектің орнатылуын бірінші болып көрсетеміз, - дейді Еркінбек Бүкебаев. - 21 ғасыр технологиясын ұлттық құндылықтарымызбен үйлестіре алдық. Санитарлы тазалықтан, архитектуралық дизайнға дейін барлық заманауи талаптарды ескердік. Жоба тіптен жама емес.