Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жарықтың жарасы қайта ашылды

Электр қуатына өзге тұрғындардың қарызы жиналып қалғандықтан «Изумруд» саяжай бірлестігінің үйлері үш күн қатарынан жарықсыз отырған

Үш саяжай бірлестігінің тұрғындары бір трансформаторға басыбайлы болып отыр.

Электр қуатына өзге тұрғындардың қарызы жиналып қалғандықтан «Изумруд» саяжай бірлестігінің үйлері үш күн қатарынан жарықсыз отырған.

Ашынған халық жарық қосылмаса, Понтон көпірі мен Ахмер ауылын байланыстырып тұрған Тоғас жолын жауып тастамақ ниетін білдірді.

24 шілде күні Ахмер өңірінде орналасқан үш саяжай бірлестігін қуатпен қамтамасыз етіп тұрған трансформатор өшіріліп, пломба тағылды. Кейін анықталғандай, қуатқа үшін қарыз көлемі 500 мың теңгеге жеткен.

- Электр қуатын алып жүрген трансформатор иесі біздің ШҚ «АЭК-ге» қарызымыздың көп екенін айтады, - дейді «Изумруд» саяжай бірлестігінің тұрғыны Нұрбек Мамытов. - Кейін анықталғандай, біздің еш қарызымыз болмаған, барлығы ақшаны уақытылы төлеп отырған. Төрағамыз әр айдың 25 күні үйлерді аралап, электр қуатына қажетті қаражатты жинап отырады. Әр үйде есептегіш құрал бар.

Трансформатор 6-7 жыл бұрын салынған. «Изумрудта» 40-тан астам, «Металлург-6-да» 28 үй және «Заряда» 70-ке жуық үй бар. Тұрғындардың пайымдауынша, қарыздың басым бөлігі «Метталург-6» саяжай бірлестігіне тиесілі. Былтырғы жылы дәл осындай жағдай орын алған кезде 250 мың теңгені тұрғындар өз қалталарынан жинап бергендерін айтады. Ал биыл бұл сома 500 мыңнан асқан.

- Әр үйде бірнеше баладан бар, - дейді тұрғындардың бірі Анна Артамонова. - Оларға уақытылы ыстық тамақ беру керек. Шыны керек, жарықтың жоқтығынан олардың да күйісі қашты. Тіпті, балаларды жуындыру үшін су да жылыта алмай отырмыз.

Жарықсыз қалған тұрғындар Өскемен қалалық әкімдікке екі рет шағымданып, қала әкімінің орынбасары Ержан Қоңырбаевтың қабылдауында болған.

- Әкімнің орынбасары бұл сұрақтардың шешімін жуықта табатынын ескертті, - дейді «Изумруд» бау-бақша қоғамдығының төрағасы Жанар Ілясова. - Шығысэнерготрейдке хабарласып, бас директордың орынбасары Мстислав Мартемьяновтан жарықты қосуды сұраған. Алайда, ертеңінде Мартемьяновтың қабылдауында қарыз өтелмейінше, ештеңе қолдан келмейтінін айтқан. Ал төлем 500 мың теңгеден асып жығылады.

Трансформатор иесі Рафхат Серимбетов - Металлург-6 бау-бауқша қоғамдастығының төрағасы. Ол үш бау-бақша қоғамдастығын қамтамасыз етіп отырған трансформатор қарызын төлемейтінін айтады. Сол сияқты, бұл қарыздың қалай жиналып қалғанын түсіндірді.

- Бір трансформаторда екі қосымша қолданушы бар. Негізгі келісімшарт Металлург-6 қоғамдастығына бекітілген, - дейді трансформатор иесі Рафхат Серімбетов. - Қоғамдық келеңсіздікті азайту үшін қала билігі мен прокуратураны әрқашан құлағдар етіп жүргенмін. Жуықта электр қуатымен қамтамасыз етуші компанияға бардық. Қазір олар 11 теңгеге қуат бөліп отыр. Әр ай сайын бұл трансформатордан 5000 Кв көлемінде қарыз қалыптасады. Ағымдағы айда ол 5365 Кв құрады. Бұл қарызды ешкім өтемейді, ал «Шығысэнерготрейдпен» келісімшартта мен отырғандықтан елдер маған сілтейді. Негізінде бұл қарыз үш қоғамдастықтың арасында бөлінуі керек. Бір айда артық шығын 60 мың теңгеге жетсе, жыл көлемінде ол 700 мыңға жетеді. Қамтамасыз етуші компания, қалалық әкімдік, прокуратура өкілдерімен мәселенің төркінін іздеп, барлық жағдай түсіндірілді. Қарыздың басым бөлігіне ие «Заря» қоғамдастығының төрағасы бұл қаражатты маған төлейсің дей салды.

Тұрғындар Тоғас көшесіне митингке шықпақ болғаннан кейін жарық қайтарылды. Алайда қарыз орнынан қозғалмады. Шындықтың мәйегіне жетемін деген Рафхат Серімбетов бұл сұрақтардың нүктесін сот қоюға тиісті деп, «Изумруд» пен «Заря» тұрғындарының үстінен арыз жазған.

- Қарыз бүгінге миллион теңгенің айналасында, - дейді Рафхат Серімбетов. - Осындай жағдай орын алған кезде төлем жүргіздім. Бірақ оның құны осылай шарықтамаған болатын. Әр жыл сайын миллион теңге төлейтін жағдайым жоқ. Жарық төлемін әрдайым бақылап, әр үйде есеп жүргізетін құралы болуы керек. Оны қадағалап, уақытылы ақшасын өтеп тұру қажет. Жарық 15 тамызға дейін қосылды, бірақ оның шешімін сот айтады. Жуықта алғашқы тыңдау өтеді.

Мәселенің шешімін табу үшін қала билігі арнайы жұмыс тобын құрды. Трансформатор иесі жағдайдың барлығын билікке түсіндіріп отырғанын, бірақ олардың әрекетсіздігін айтады. Сол сияқты, егер нақты шешім болмаса, бұл сұрақтар қайта-қайта көтеріле беретінін ескертеді. 

Следующая →