Қазақстандық мергендер дала жиынына шықты
ҚР ҚК 2017 жылғы жауынгерлік даярлық жоспарына сай әскери бөлімшелер маңында мергендер бөлімшелерінің қатысуымен дала жиындары өтуде
ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты хабарлағандай, аталмыш жаттығудың басты мақсаты – штаттық қарудан оқ атуға үйрету.
Бүгінгі таңда атқыштар бөлімшелері қол жеткісіз орындарда қарсыласқа соққы беруге мүмкіндігі бар маңызды күш болып саналады. Тәжірибелік оқ ату жаттығулары «Шошқала», «Шығыс», «Жетісу», «Сарыөзек», «Іле» полигондарында өтеді.
Жиындар ағымдағы жылдың 18 тамызына дейін жалғасады.