Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Балаларды мектепке дайындау басталды

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы «Балаларды мектепке дайындаймыз» атты қайырымдылық шарасын бастады

Биыл төрт мыңнан астам балаға көмек көрсетілетін болады.

Былтыр аталған акция аясында 4343 балаға көмек көрсетілген. Биыл да олардың саны былтырғыдай болмақ. Қайырымдылық шарасына қатысқысы келген адамдар да науқан аясында аз қамтылған отбасы балаларына өз көмектерін ұсына алады. Мәселен, киім, оқулық, қалам-дәптерлерін сатып алып, оны «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратына әкеліп беруге болады. Филиал Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 121-үйде орналасқан.

Алайда биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі аймақ басшыларынан балаларға арналған қайырымдылық шараларын жарнамалауды тоқтатуды талап етіп отыр. Министрліктің ойынша, бұл балалардың ар-намысына тиеді.

- Өйткені кейбір облыстар мұндай шараларды мақтаныш үшін жасайды. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Оның алдын алатын боламыз, - дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Мәншүк Әбдікәрім.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы оқу жылы Құрбан айт мейрамына байланысты 2 қыркүйек күні басталады. Яғни, алғашқы қоңырау 1 қыркүйек күні емес 2 кыркүйек күні соғылатын болады. 

Следующая →