Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Гранттан сүрінгендер не істейді?

Білім және ғылым министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, биыл 88 583 адам жоғарғы оқу орнына түсу үшін тестілеуден өткен

Ал олардың ішінде 14 066 түлек шектік балды (50 балл) ала алмаған. Яғни, биыл мемлекеттік білім беру грантына 74 517 түлек қана қатысып, өзара бақ сынасатын болады.

Ал биылғы оқу жылына бакалавриат мамандықтары үшін 37932 грант бөлінген. Яғни, биыл әрбір екінші түлек тегін білім беру грантына ие бола алады. Жыл сайын түлектердің мемлекеттік білім беру грантына ие болу мүмкіндігі артқанымен, екінші жағынан бәсекелестік те артып келеді. Мәселен, 2015 жылы 32 168 білім беру гранты бөлінсе, биыл 38 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Алайда 2015 жылы шектік балл жинаған 67 497 оқушы білім грантына таласса, биыл олардың саны 74 мыңнан асқан.

Қазіргі уақытта ҰБТ тапсырған мектеп бітірушілер мемлекеттік білім беру гранттары байқауына қатысуға құжаттарын тапсыруда. Десе де, байқаудың аты - байқау. Жеңімпазы мен бабы келіспегені болады. Ал бабы келіспей ЖОО-да тегін білім алу мүмкіндігінен айырылған түлектерге не істесе болады? Тегін білім алудың қандай өзге де жолдары бар. Білім министрлігі мен облыстық білім беру басқармасы ұсынып отырған тегін білім алу мүмкіндіктері жайында айтпақпыз.

- Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне 2017-2018 оқу жылына «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде республикалық бюджеттен 1730 орын және облыстық бюджет есебінен 4500 орын мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді, - дейді облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова.

Одан бөлек, дәрігерлік мамандықтарға 325 орын берілген екен. Яғни, аталмыш тегін білім беру гранттары биылдан бастап қана беріліп отыр. Алдағы төрт жыл бойы қатарынан тағы да берілмек. Бұл білім гранттарына ҰБТ-дан шектік балл жинай алмағандар да, ЖОО-ға түсуге қажетті балл жинай алмай сүрінгендер де қатыса алады. Әрі техникалық білім алу гранттары байқауына ешқандай емтихансыз жіберіледі.

- Ұлттық бірыңғай тестілеуден аз балл жинаған мектеп бітірушілері барлық колледждерге бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін білім алады. Кешенді тестілеу сертификатын немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және ҰБТ-дан алған балдарының негізінде конкурсқа қатысады, - дейді Айгүл Оралғазықызы.

Бұл гранттар облыстың 82 колледжіне беріледі. Оның ішінде мемлекеттік колледждер саны - 49 болса, жекеменшік колледждер саны - 32. Биыл техникалық-жұмысшы мамандықтарын оқытуға бөлінген 4500 гранттың 2130-ы қазақ тілінде білім беруге берілген. Республикалық бюджеттен бөлінген 1730 орыннан бөлек 4500 орынның ішінде 11-сыныпты бітірген түлектерге 1438 орын қарастырылған.

- Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі, - деп қосты Айжан Байжанова.

Облыс әкімінің ресми сайтында орналасқан «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулыны қарай отырып, облысымыздың қай колледждеріне қандай мамандықтарға грант бөлінгенін білуге болады. 

Следующая →