Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өңірімізде көкөніс бағасы түспей тұр

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, шілде айында сәбіз, пияз, қызылша сынды көкөністердің қымбаттағаны байқалады

Мәселен, сәбіз 15,6%-ға, пияз 7,5%-ға, қызылша 1,2%-ға қымбаттаған. Сәбіздің орташа бағасы 153,8 теңгеге, пияз 141,3 теңгеге, қызылша 147,6 теңгеге тең болып отыр. 

Көкөністің жаз уақытында қымбаттағанын немен түсіндіруге болады? Бұған дейін көкөніс бағасының бірнеше рет өзгергенін білеміз. Сатушылардың айтуынша, көкөніс бағасы былтырғы жаз уақытымен салыстырғанда қымбаттау. 

- Қазір қазылшаны 230-250 теңгеден, пиязды 180-200 теңгеден, картопты 140-160 теңгеден, сәбізді 230-250 теңгеден, орамжапырақты 50 теңгеден сатып жатырмыз. Былтыр, қателеспесем, қызылшаны 85-100 теңгеге, картопты 90-100 теңгеге, сәбізді 80-100 теңгеге, орамжапырақты 50 теңгеге саттық қой деймін. Орамжапырақ 300 теңгеден 80-85 теңгеге дейін түсті. Биыл, расымен де, қымбаттау, - дейді көкөніс дүңгіршегінің сатушысы Айдана Мұхтарқызы.     

Ал статистикалық мәліметтер бойынша, шілде айында тек сарымсақ пен орамжапырақтың, картоп пен қызанақ, қиярдың бағасы ғана төмендеген. Сарымсақ бағасы 10,9%-ға, картоп 17,6%-ға, қызанақ пен қияр бағасы 20%-ға арзандаған. 

Жазда жеміс бағасының төмендеуі қалыпты жағдай. Алайда биылғы жеміс бағасы өз құнын әлі сақтап тұр. Олардың өсімі шамамен, 1%-ды құрайды. 
Следующая →