Өскемендегі май зауытына 17 млн теңге айыппұл салынды
Май зауытына айыппұл ауаға зиянды қалдықты – күкірті сутегі қалдығын жібергені үшін салынды
Экологтардың айтуынша, «Май» АҚ бірінші ескертуден кейін-ақ ауаны ластаудың себептерін анықтағанда айыппұлдың көлемі үлкен болмайтын еді.
Жылдың басында-ақ Пристань ауданында орналасқан «Казгидромет» РҚК ауада зиянды қалдықтардың көбейгенін анықтаған. Экологтар дер кезінде жұмыс жоспарын құрып, аумақты тексеріске алып, зиянды қалдықтардың қайдан бөлініп жатқанын анықтаған.
Зауыт ауаға жіберуге болатын күкірт сутегінің мөлшерін 62 есеге көбейтіп жіберген.
- Тексеру жұмыстары үш ай бойы жүргізілді. Кәсіпорынға қазандықты ретке келтіру туралы ескертпе жасалды. Екі ай бойы жағдайды қадағалап отырмыз, алайда ингридиент мөлшерінде бірде-бір өзгеріс болған жоқ, - дейді ШҚО Экология департаменті Дмитрий Кавригин.
Нәтижесінде «Май» АҚ басшылығына 16 995 197 теңге шамасында айыппұл салған.
Следующая →
Тақырыптар:
Экология в Усть-Каменогорске