Қазақстандық әскерилер «Тәртіп сақшысы» байқауында бірінші орын алды
«Тәртіп сақшысы» Халықаралық Армия ойындарының алғашқы кезеңін қазақстандық әскерилер жеңіспен аяқтады
Бірінші кезең бойынша әскери қызметкерлер АК-74М автоматы мен ПМ-9 пистолетімен нысанаға оқ ату керек болатын. Нысананың қашықтығы 25-150 метр. Сонымен қатар, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс нормаларын орындау қажет болатын.
Бірінші кезең нәтижесі бойынша қазақстандық әскерилер бірінші орынға табан тіреді.
Алда тағы да үш кезең бар.
Айта кету керек, «Тәртіп сақшысы» Халықаралық Армия ойындары биыл алғаш рет өткізіліп отыр.