Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Пласидо Доминго: Астанадағы көрме – ЭКСПО тарихындағы ең ұлы сәт

Атақты испандық тенор Пласидо Доминго жанұясымен бірге халықаралық ЭКСПО көрмесіне келіп, құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды

- Недеген әсерлі, керемет және сиқырлы павильон! Бұл ЭКСПО тарихындағы ең ұлы көрме ретінде есте сақталады! Құттықтаймын! - дейді медиаорталық әншінің дауысын жеткізе.

Бұдан кейін П. Доминго киіз үйге кіріп, төрт стихия қуатымен танысты.

- Айтарға сөзім жоқ. Сіздерді керемет ЭКСПО көрмесімен құттықтаймын. Бар өмірімде көптеген көрмелерге барғанмын, оның ішінде ЭКСПО-да бар. Әртіс, әнші ретінде өнер көрсетіп, мәдени шаралар ұйымдастырғанмын. Олардың барлығы адамзаттың мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Бірақ, бұл көрме – көрме деген атынан да жоғары. Біз мүлдем бөлек, дамыған планетаға түскендейміз. Бұл болашақ ғылымының салтанаты, - деді П. Доминго.

Қазақстандық павильоннан шыға берісте маэстро мен оның немересі тілек айтып, суға тиын тастады.

Доминго Австрия, Испания және Германия павильондарын аралап шықты.

Испандық тенор Қазақстанға 23 шілде күні келді. Ол әлемдегі вокалистердің ең үлкен байқауын өткізеді. Астана қаласында 4 тамызға дейін болады.

Следующая →