1 тамызға арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған жаңалықтарға шолу жасады
Трамп: Мадуро тек жаман жетекші емес – ол диктатор
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуроны елдегі билікті басып алған диктатор санайды.
Американдық жетекшінің мұндай ұстанымы туралы президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Герберт Макмастер хабарлады.
- Ұлттық құрылтай жиналысында жалған сайлау өткізу арқылы билікті толыққанды басып алған (Мадуро режімі) әрекеті демократияға деген қатты соққы болды. Мадуро тек жаман басшы емес, енді ол диктатор, - деді Макмастер президенттің сөзін жеткізе отырып.
Құжатта Венесуэла билігін конституцияны құрметтеуге, тәуелсіз сайлау өткізуге, саяси қуғындағыларды босатуға, венесуэлалықтардың гуманитарлы мәселелерін шешуге және репрессияны тоқтатуға шақырады.
Сонымен қатар мәлімдемеде Венесуэладағы адам құқығының бұзылуы мен зорлыққа кінәлілердің барлығын жауапкершілікке тартуға АҚШ одақтастарымен бірге күш салатыны айтылады.
Пенс Ресейдің Балтық елдеріне қауіпті деді
АҚШ вице-президенті Майк Пенс Эстонияға барған сапарында Балтықтың үш еліне Ресейден басқа қауіптің жоқ екенін айтты.
Пенстің айтуынша, Мәскеу «күшпен халықаралық шекараларды жауып, егемен мемлекеттердің демократиясын бұзып, Еуропаның тәуелсіз елдерін бір біріне қарсы қойып отыр».
Аталғандай, Эстония, Латвия және Литва президенттерімен өткен кездесуден кейін Пенс АҚШ президенті бұл елдерге қолдау көрсететінін айтқан.
- НАТО-ның мықты да, біріккен блогы коммунизм құлағаннан бері бүгінгідей қажеттілік етпеген, - дейді вице-президент.
- Шығыстағы көршіден (Ресей) туындайтын агрессия Балтық елдерінен аспайтын болады, - деді Пенс.
Ол АҚШ-тың Балтық елдерін қорғауға дайын екенін айтты. Пенс мұнымен қоса АҚШ билігінің «Ресеймен қарым қатынастың жақсаратынына» үміт артатынын жеткізді.
ФГР өз ұшақтарын Түркия әуе базасынан алып шықты
Германия терроризмге қарсы коалицияға қатысқан барлық барлау ұшақтарын Түркиядан алып шықты.
Аталғандай, Бундесвер ИМ-ге (Қазақстанда тыйым салынған) қарсы әуе барлау миссиясын аяқтап, түркиялық Инджирлик әскери базасынан Tornado ұшақтарын Германияға қайтарды.
Венесуэладағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 121 адамға жетті
Венесуэла бас прокуроры Луиса Ортега Диас төрт айдан бері жалғасып келе жатқан қақтығыста 121 адам қаза тауып, екі мыңға жуығы жарақат алғанын хабарлады.
- Соңғы төрт айда 121 венесуэлалық қаза тапса, 1958 адам ауыр және өте ауыр жарақаттар алған, - дейді Ортега Диас баспасөз-конференция барысында.
Оның айтуынша Ұлттық құрылтай жиналысы сайлауында ғана он адам өлтірілген.
Трамп Ақ үйдің байланыс бойынша директорын жұмыстан шығарды
Ақ үйдің байланыс бойынша директоры Энтоны Скарамуччи қызметінен кетті. Бұл туралы АҚШ президенті әкімшілігі жариялаған баспасөз хаттамасында айтылады.
- Скарамуччи мырза Ақ үй аппаратының басшысы Джон Келли барлығын жаңадан бастап, өз командасын құрғаны дұрыс деп тапты. Біз оған тек жақсылық тілейміз, - дейді хабарландыруда.
Дональд Трамп мұндай шешімге Джон Келлидің кеңесімен келді.