Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

ОҚО-да ХІІ ғасырға жататын тас мүсіндер табылды

Созақ ауданындағы Келіншектау етегінде орналасқан Абай елді мекенінде XII ғасырға тән екі балбал тас табылды.

Көне тас ескерткішті жергілікті тұрғындар Қаратау жазығындағы Арпа өзені бойынан байқаған, деп хабарлайды ОҚО әкімдігі ontustik.gov.kz сайты. Ер мен әйелдің сұлбасы қашалып бейнеленген тас, орта ғасырдағы тарихтан сыр шертеді. Абай елді мекенінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан Арпа өзенен ерекше тасты байқаған ауыл азаматтары жерден қазып алған. Көне ескерткіш шығысқа қарап орнатылған.

Абай ауылының тұрғыны Жансәт Сейітов «Бір тастың ұшы шығып ерекше көрінді. Ауыл азаматтары жабылып көтеріп едік, жан-жағынан суреттер шыға бастады. Сонымен ол тасты бөлек қойдық. Дәл сол маңайдан тағы бір тас көрінді. Ол да жерден 3-4 см шығып тұр екен. Көтеріп едік, ол да қозғалмады. Абайлап қарасақ екінші бетінде суреті бар екен. Бізге оларды алу қызық болды», - дейді.

Табылған жәдігерді аудан әкімі С. Полатов арнайы барып көріп, ерекше қорғауды тапсырды. Көне тас мұражай қызметкерлерінің қызығушылығын тудырып отыр. Олардың сөзінше, балбалтастар ежелгі түркі дәуіріне тән. Терең тарихтан сыр шертер құнды дүниені ғалымдар зерттеуге мүдделі. Балбал тас аудандық С. Қожанов атындағы мұражайда сақталатын болды.

Следующая →