Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мәдени орындардың картасы жасалмақ

Облысымыздың тарихи-мәдени нысандары мен туристік жерлері 3D-суретке түсіріліп, виртуалды Гугл картасына енгізіледі

Мұны Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының топограф, картограф және геодезист ғалымдары мен 3D-оператор мамандары жасамақ.

Қазақстанда барлығы 2000 аймақтық маңызы және 218 республикалық маңызы бар тарихи-мәдени орындар орналасқан. Ал виртуалды картаға шамамен 400-ден астам тарихи-мәдени орындар жүктелмек. Облысымызға келген зерттеу және түсіру тобының айтуынша, Шығыстың 32 мәдени нысаны бұл виртуалды қосымшаға енбек.

- Біздің институт екі жобаны қолға алып отыр. Оның бірі Қазақстандағы тарихи-мәдени нысандар мен ғибадат ететін орындар жайында сипаттама берілген карта болса, екіншісі еліміздің мәдени және туристік жерлерінің виртуалды картасы. Алғашқы жоба бойынша картада 400 нысан қамтылса, екінші жоба бойынша 450 нысан қамтылатын болады. Ал Шығыс өңірінің 32 мәдени нысанын картаға енгізуді жоспарлап отырмыз. Алайда Шығыс өлкесі тарихи тұрғыдан өте құнды болғандықтан, картаға енгізілетін нысандардың саны әлі де көбейе түспек. Бұған жергілікті тұрғындардың үлкен көмегі тиіп жатыр, - дейді жобаның жетекші маманы, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас ғылыми қызметкері Түгелбай Бекбергенов.

Алғашқы жоба бойынша тарихи-мәдени нысандардың картографиялық үлгісі жасалып, мәдени орын жайында сипаттама беріледі. Тарихи деректер, аңыздар мен мифтер енгізіледі. Карта кейін мұражайлар мен туристік мекемелерге қойылады. Ал екінші жоба негізінде далалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тарихи ескерткіштер 3D суретке түсіріледі. Мәдени және туристік орындардың географиялық координациясы жасалып, виртуалды карта Гугл жүйесіне жүктеледі. Ғалымның айтуынша, екі жоба да алдағы үш жылдың ішінде жасалып бітпек.

Шығыс өлкесіндегі зерттеу, түсіру жұмыстары Семей қаласынан басталған.

- Семей қаласын түсірген соң, Абай ауданына аттандық. Абай мен Шәкәрімнің кесенесі суретке түсірілді. Әсіресе, Қоңыр Әулие үңгірін көргенде, таң қалдық. Бұл жерде мәдени инфрақұрылымдар бар деп ойламадық. Өскеменді үш күн түсіріп, Берел, Шілікті қорғандарын түсіруге барамыз, - дейді географ-картограф Түгелбай Бекбергенов.

Одан кейін, зерттеу тобы Рахман қайнары мен Мұзтауды да кескінді суретке түсірмек.

Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →