Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-да қатерлі ісік қасіреті жоғары

Шығыс Қазақстан облысы ана мен бала өлімі көрсеткіші жағынан алдыңғы қатардағы өңір екені белгілі

Өкінішке орай, өңірімізде ауыздықтай алмай келе жатқан өзге де дерттер бар. Атап айтқанда, облысымыз онкологиялық аурумен күрес жағынан да айтарлықтай жоғары дәрежеде емес. Әсіресе, онкологиялық дертке шалдыққандар Шемонаиха ауданында жиі кездеседі.

- Шемонаиха өңірі онкологиялық дерт бойынша көрсеткіші жоғары 5 ауданның қатарына кіреді, - дейді Шемонаиха ауданының орталық аурухуханасының бас дәрігері Түсіпхан Абайділдинов. - Шемонаиха ауданынында 42 813 адам тұрады. Мұның ішінде халықтың 36 пайызы 50 жасқа дейінгі азаматтар. Бұл халықтың қартаю деңгейінің жоғары екенін айтады. Ауданда 753 жалғыз басты қарттар тіркелген. Бұл негізінен шетелге көшіп кеткен азаматтардың ата-аналары. Бізде 800 адам онкологиялық дертпен тіркелген. Ағымдағы жылы 73 адам тіркеуден шыққан. Қайтыс болғандар саны - 30. Қатерлі ісіктен қайтыс болғандардың ішінде ерлер өлімі жоғары. Яғни, қайтыс болған 30 адамның ішінде 20-сы ер адамдар.

Онкологиялық ауруға шалдығу көрсеткіштері бойынша Шығыс Қазақстан облысы республикалық деңгейден асып түскен. Ауруға шалдыққандар динамикасы қалыпты болса да республикалық көрсеткіштен әлі төмендеп жатқан жоқ. Өлім саны да республикалық көрсеткіштен 1,5 есеге асып тұр. Алайда, бұл көрсеткіш соңғы үш жыл ішінде айтарлықтай төмендеп келеді.

- Ауруды алғашқы кезеңінде анықтау 60 пайызға өскен, - дейді ШҚО Онкологиялық диспансердің бас дәрігері Гүлмира Сағидулина. - Шығыс Қазақстан тек осы көрсеткіш бойынша республикалық деңгейден оза алды. Қазіргі таңда, кеш диагностика, яғни, 5 жылдан немесе одан артық өмір сүру өмір сүру көрсеткіші республикалық деңгейде 47 пайызды құрайды. Ал біздің облыста бұл 50 пайыз. Яғни, қатерлі ісік анықталған науқастардың 50 пайызы 5 жыл немесе одан артық мерзімде өмір сүреді.

Қатерлі ісікті анықтау және оған ем қолдану үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең онкологиялық ауруларды анықтауды көздейді. Бұл тұрғыда облыстық онкологиялық диспансер соңғы жылдары айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Бұл тұрғыда арнайы мамандар қажет. Өткен жылы 265 маман дайындалған болатын. Екінші кезеңде облыстық онкодиспансерлерде емдеу шараларын жүргізу көзделген. Қазір Өскемен және Семей қалаларында екі диспансерде аталған қызмет жүреді. Ал үшінші кезең Алматы қаласында орналасқан ғылыми зерттеу институтында жүреді. Бұл, қатерлі ісіктің қауіпті деңгейін емдеуге бағытталған, ең жоғарғы кезең. Яғни, пациент ары қарай емделу үшін аталған институтқа жіберіледі.

- Шығыс Қазақстанда 1 400 000 халықтың ішінде 18 612 адам онкологиялық аурулар тізіміне кіреді, - дейді Гүлмира Ғабдуллова. - Өскемен қалалық онкодиспансерде поликлиника, күндізгі стационар және тәулік бойына арналған 170 төсекті стационар бар. Бүгінгі таңда онкоауру анықталғаннан кейін оны емдеу туралы шешімді радиолог, химиотерапевт, онологтар емдеу тактикасын құрайды. Мұның барлығы хаттамамен белгіленеді. Тек осыдан кейін барып емделу басталады. Қазіргі таңдағы біздің міндетіміз өлім салдарын төмендету болып табылады. Ол екі жолмен жүзеге асырылады. Ерте анықтау және сапалы түрде ем жасау. Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен мен Семейде орналасқан екі диспансерден өзге, 19 онкологиялық, 17 маммологиялық және үш проктологиялық кабинеттер желісі жұмыс істейді.

Бүгінгі күні облысымыздың барлық аудандары онкологтармен қамтылған деп айту қиын. Бұл өз кезегінде ауылды өңірдегі онкологиялық дертке шалдыққандарды анықтауда қиындық тудырады. Гүлмира Сағидулинаның айтуынша, Тарбағатай, Көкпекті, Күршім аудандары онкологияда ең мәселелі өңірлер деп саналады. Соңғы екі жыл қатарынан бұл аудандарға лайықты дәрігерлер табылмай келеді. Мамандар қатерлі ісікті алғашқы кезеңінде анықтай білуі керек.

Авторы: Айдос Мырзахметов

Следующая →