Қажылыққа баратындардан тазалық сақтап, түйелерден алыс жүру керектігін сұрайды
Қазақстандық дәрігер-эпидемиологтар Меккеге қажылыққа баратын отандастарын жеке гигиена шараларын сақтап, түйелерге жақындамауға шақырады
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті санитарлы-эпидемиологиялыұ сараптама және бақылау ғылыми-тәжірибелік орталығы хабарлағандай, 2017 жылы Қазақстаннан Меккеге 5 мыңға жуық адам аттанады.
Әлемде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де сақталып тұрғандықтан, қазақстандық эпидемиологтар жеке алдын алу шараларын сақтауға шақырады.
Көп жағдайда, қажылыққа барушыларға қолдарын сабынмен жиі жуып; ауруға шалдыққандармен байланыс орнатпау, олардың заттарын пайдаланбау, адам көп жүретін жерде бір рет пайдаланылатын маска тағып жүру керектігі айтылады.
Сонымен қатар, қажылыққа барушыларға түйлер топтасып жүрген жерге жақындамауға, олармен байланыс орнатуға; Қайнатылмаған және пастерленбеген түйе сүтін ішпеуді; ұйымдаспаған сауда орындарынан азық түлік алмауға кеңес береді.