Қазақстанда бірыңғай лоторея операторы пайда болды
«Сәтті жұлдыз» акционерлік қоғамы ресми түрде қазақстандық лоторея операторы атанды
Tengri News сайты хабарлағандай, ҚР Мәдениет жәнеспорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің ойын бизнесі және лоторея қызметінің үйлестіру басқармасының басшысы Ермек Жусанов Қазақстандағы барлық лотореяны «Сәтті жұлдыз» АҚ жүзеге асыратыны туралы айтты
2016 жыл соңында қабылданған заң бойынша, жаңа оператор түскен пайданың 10 пайызын қазақстандық спорттың дамуына бөлетін болады.
Статистика бойынша, 2016 жылы әрбір қазақстандық лотореяға кем дегенде бір доллар жұмсаса, лотореялық нарық айналымы 18 миллион долларды құраған.
2017 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда қайтадан әп-сәттік лоторея, ал 2018 жыл басында тиражды түрі пайда болады