Францияда антитеррористік заң қабылданды
Француз парламентінің Жоғарғы палатасы терроризмге қарсы күрес туралы заң жобасын мақұлдады.
Бұл жаң жобасын жасау жаңа президент - Эмманюэль Макронның сайлау алды бағдарламасына көрсетілген болатын. Қабылданған заңнама 2015 жылы 13 қарашада терроризмге қарсы жарияланған төтенше жағдайларды алып тастауға мүмкіндік береді.
Жаңа заң құқық қорғау органдарына терроризммен күрес жұмысында ерекше құқықтар беріледі. Мәселен, күдіктінің пәтерін тексеруді жеңілдетеді, уақытша мешіттер мен ғибадатханаларды жабуға мүүмкіндік береді.
Amnesty International және Human Rights Watch Халықаралық құқық қорғау ұйымы Париж тұрғындарын аталмыш заңның қабылдануына қарсы шығуға үндеу бастап отыр. Ұйым өкілдерінің ойынша, бұл азаматтардың жеке бас бостандығына нұқсан келтіреді.