Алматы тұрғыны қызының еміне еріктілер жинап берген қаражатқа пәтер сатып алған
Еріктілер әйелге он миллион теңге жинап берсе, туған ағасы несиесін жауып беруге көмектесемін дегендіктен бүйрегін берген – әйел бәрін алдап, енді әділеттіліктен жасырынып жүр
КТК телеарнасының сайтында хабарланғандай, еріктілер 12 жасар қыздың еміне жиналған қаражатты қайтаруға тырысуда. Баланың бүйрегін ауыстыру керек болған, ал анасының айтуынша ота шетелде жасалу керек еді.
Көптеген қазақстандықтар Ақмарал Жақсылықованың қажетті соманы жинауға сұраған өтінішіне жауап берген. Алайда «Қайырымды жандар» қорының өкілдері айтқандай, қызын құтқарудың орнына Ақмарал қаражатты өзге мақсатта жұмсаған. Ал отаны мемлекет өз қаражатына жасаған. Еріктілер сотқа шағым түсіріп жеңіп шыққан, алайды әйел ақшаны қайтарудан бас тартуда. Заңгер Жанна Шапатованың айтуынша, кейбір деректер бойныша, алған 10 миллион теңгеге Ақмарал жылжымайтын мүлік сатып алған.
- 2016 жылдың 30 қарашасында ол ақшаны алды, ал 22 желтоқсанда жылжымайтын мүлік сатып алады. Қаражат оның қолында мүлдем ақша болмағандықтан жиналған. Бұл ақшаны неліктен туысқандарынан жинамағанын сұрадық. Оның айтуынша, ешкімде мүлдем ақша болмаған.
Сот барысында әйел бес миллион теңгені дәрі-дәрмекке жұмсағанын айтқан, алайда квитанция мен чекті көрсете алмады. Сол сияқты еріктілерге өзге құжаттарды да ұсына алмады.
Донор болып қыздың туған ағасы Бақтияр Жалықбаев шыққан. Ол баланы құтқаруға келіскен, ал қайырымды әйел оның несиесін жауып, отадан кейін қалыпқа келуін төлеп беретінін айтқан.
- Маған уәде берді; «Бахтияр барлығы жақсы болады. Отадан кейін бірдеңе қалса қол ұшымды созамын. Ақшалай да, дәрі дәрмекпен» Отадан кейін жеңгемнен түк көрмедім. Ауруханадан жазылып шыққаннан кейін, ол жұмыстан маған келіп: «Бақтияр, егер несиеңді жабуға ақша сұрасаң, менде сен бүйрегіңді саттың деген заң бар», - дейді донор.
Қазіргі уақытта пысық әйел туыстары мен еріктілерден жасырынып жүр. Ал қызы «Ақсай» унверситеттік клиникада қалпына келуде. Оның емін қазақстандық дәрігерлер тегін жасауда.