Дауылдан зардап шеккен тыл ардагері көз жұмды
Дәрігерлер хабарлағандай, 82 жасар Шеряздан Исанов қатты дене жарақатын алғандықтан, оны өлімнен арашалап қалу мүмкін болмаған
Өскемен қалалық 1 ауруханасының дәрігерлері 18 шілде күні кешкі тоғыз шамасында облыс орталығындағы дауылдан зардап шеккен зейнеткердің өлімін тіркеген.
Естеріңізге саламыз, мекемелердің шатырынан жұлынып кеткен алып профлист қартқа құлаған. Ол төтенше түрде ауруханаға жеткізілген. Тыл ардагерінің сегіз қабырғасы сынып, өкпесі зақымданған болатын. Туған-туысқандары қала тұрғындарынан қан тапсыруды сұраған.