Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Бабкина Мельница тұрғындары көше атауларын ауыстыруға қарсы

Осыған байланысты қала билігі ономастикалық реформаны кейінге қалдырып отыр

Бабкина Мельница ауданының тұрғындары Тимофеев және Отдельная көшелерінің атауын өзгертуге қарсылық білдірді. Тұрғындар наразылықтарын білдіру мақсатында қол жинаған.

- Тимофеев көшесінде тұрғындарды осы сұрақтары талқылау үшін жиналысқа шақыру туралы хабарлама ілініп тұрғанымен, жиналысқа барғандар аз болды, - дейді ауданның қарауылы Тамара Петровна. - Біздің көше «Жағалау» деп аталатын болады дейді. Халық қарсы. Біріншіден, құжаттарды ауыстыруға қыруар қаржы кетеді. Екіншіден, ол үшін ұзын-сонар кезекте кім тұрғысы келеді?

Осы сұрақты үлкендер көше бойында және дүкендерде бастары қосыла қалып талқыласа, жастар жағы әлеуметтік желіде пікір таластыруда.

- «Жағалау» деп Үлбі өзені бойындағы көпір маңында жаңа салынып жатқан көшелерді атасын. Барлығын қиындатудың не қажеті бар? Одан да көшелерді жөндесін, - деп жазады желі қолданушылары.

Тұрғындарға әзірге алаңдауға еш негіз жоқ көрінеді.

- Орталық көшелердің атын өзгерту емес, солармен аттас басқа көшелердің атауын өзгерту туралы сөз болған, - дейді №4 ЖӨӨБК маманы Еламан Қасиманов. - Қайта тіркеу тегін болатындығыжәне тұрғындардың тек мемлекеттік бажды төлейтіндіктері айтылған. Тіпті, тұрғындарға өздері тұрып жатқан көшелердің атауын өздері ұсынсын деген рұқсат та берілді. Бірақ тұрғындар сонда да наразы. Сондықтан ресми қаулы әлі шыққан жоқ.

Следующая →