Ұлттық мұражайға баратындардың саны біршама өскен
Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің басталуына байланысты Ұлттық мұражай экспонаттарын көруге келген адамдардың да саны артқан
Экскурсияға күн сайын үш мыңдай адам жиналады екен. Келушілерді жиырмадан астам маман қарсы алып, алты тілде экскурсия жүргізеді.
- Біздің мұражай халықаралық дәрежедегі музей болғандықтан, бірнеше тілде ақпарат беруіміз керек. Біздің мамандар қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, француз тілдерінде экскурсия жүргізеді, - дейді мұражай әдіскері А. Әміралиева.
Сонымен қатар, әдіскер жаңадан келген мамандардың үш айлық мұражай ісі бойынша арнайы курстан өткенін айтады.
Мұражайға келушілер мамандарды өздері таңдай алады.