Қазақстанда ауыл имамдарына арнап қайырымдылық қоры ашылмақ
Жаңа ұжымдық қайырымдылық қоры әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар мен имамдарды қолдауға арналады
Бұл жайында дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев хабарлады.
- Елбасының тапсырмасымен дін саласында қайырымдылық қоры ашылды, ол әділет министрлігінде тіркеуде, - дейді Нұрлан Ермекбаев.
Аталмыш қор әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар мен имамдарды қаржыландыруға көмек беру үшін құрылады.
- Қазіргі таңда имамдардың жалақысы қайырымдылық қорынан жиналған ақшаға тікелей тәуелді. Ауыл аймақтағы имамдардың табысы тұрақты емес. Сондықтан мұны деструктивті ағым мүшелері пайдаланып кетуі мүмкін, - дейді Нұрлан Ермекбаев.
Сонымен қатар, мұндай шара имамдардың ауылдарға молда болып баруына жағдай жасайды. Өйткені 150 республикалық мешітке имамдар жетіспейді екен.