Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Сібе көлдерінің бірінде заманауи отбасылық жағажай ашылды

Ұлан ауданында Шығыс жұртшылығы күткен Сібе көлдерінің бірінде заманауи отбасылық жағажай ашылды

6 шілде күні ресми ашылуы болған Сібе көлдеріне қарасты Шалқар көлінің "Сібе" отбасылық демалыс жағажайына" облыс әкімі Даниал Ахметов барып, жағалау нысандарымен танысты.
Демалушыларға барлық жағдай жасалған жағажайдың жайына қанық болған аймақ басшысы жұмыстың оңды аяқталғанын атап өтті. 


- Бір жарым жыл бойы жұмыстары созылып кеткен бұл жағажайды аудан басшылығы он күннің ішінде салып бітірді. Жұмыстарға көңілім толды. Бұл аумақтағы шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді. Енді жағажайдың салынғаны жайында халыққа кең хабарлауымыз қажет, - деді Даниал Ахметов.


Жағажайға кіру толықтай тегін, жолға шлагбаум қойылмаған. 

Муниципалды жағажай аумағында тамақ жасайтын орын, жуынатын орын, дәретхана, киім ауыстыратын орын, балалар ойын алаңы мен бассейні, көлік тұрағы, тамақтануға арналған жабық орындар, бар, футбол және волейбол алаңдары орналасқан. Сонымен қатар, жағажай аумағында дайвинг алаңы, түнеуге арналған 11 киіз үй жайғасқан.


Жағажай алаңына құм төселген әрі судың тереңдігі 1,5 м болатын жерден арнайы белгілер қойылған.


Жалға алынатын үйлер мен бар ғана ақылы, ал қалған нысандар тегін.


Сонымен қатар, жағажайда құтқарушылар мұнарасы орнатылған.
Айта кетейік, 6 шілдеден бастап Сібе көлдеріне Өскеменнен автобус қатынай бастады. 

Автобус таңғы сағат 08.00 Өскемен автовокзалынан аттанады. Кері рейс сағат 18.00-де. Бағасы - 850 теңге.

Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →