Астанадағы халықаралық көрмеге «ЭКСПО-әже» келіп қайтты
Бүкіл өмрінде 7 ЭКСПО көрмесін аралап шыққан 80 жастағы жапондық Томийо Ямаду «ЭКСПО-әже» атанып кеткен
Томийо Ямада Осакада өткен халықаралық көрмеге 1970 жылы қатысып, содан бері барлық ЭКСПО-ларға қатысып шыққан. Көрменің танымал белгісіне айналып үлгерген «ЭКСПО-әжей» Қазақстанға енді елші статусымен келіп отыр.
Шанхайда өткен ЭКСПО-дан кейін 2005 жылдан бастап мені «ЭКСПО-әжей» атап кетті. Айта кету керек, ол көрме маған керемет әсер қалдырған болатын. Астанадағы көрмелеріңді әзірге бағалай алмаймын. Себебі павильондарда әлі болып үлгермедім. Бірақ, бұл жерде көріп тұрғаныма қарап, маған ұнайтынын айта аламын, - деді Томийо Ямада.