Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қарағандыда мұражай-шахта ашылды

Ерекше мұражай Майқұдықтағы тау-кен – индустриалды колледж негізінде ашылды. Бұл оқу ордасының оқу-жаттығу шахтасы 1981-ші жылы салынған, алайда осыған дейін сырттан келгендерге бұл шахтаға кіруге тыйым салынған

Енді оны кез келген адам кіруге болатын мұрайжайға айналдыру туралы шешім қабылданған.

- Шахта-мұражай құру туралы идея Шотландиядан менің ғылыми жетекшім келгенде пайда болды. Мен ол кісіні КАРЛАГ-қа алып бардым, - деді Қарағанды облыстық Білім басқармасының жетекшісі Асхат Аймағамбетов. – Бірақ содан соң ол мені Қарағандыны кеншілер қаласы ретінде көрсете алатын бір жерге алып баруды өтінді. Ал бізде ондай жерлер жоқ. Міне, сол кезде колледждің директоры Геннадий Ивченкомен көпшілікке арналған осындай мұражай құру туралы шешім қабылдадық.

Шахтаға түспес бұрын қонақтарға қазіргі Қарағандының орнында көмір орындары табылғаны және бұрғылау жұмыстары басталғаны туралы қысқаша дәріс оқылады. Сонан соң келушілерді ережелермен таныстырып, арнайы киім – шалбар, күртеше және жарығы бар каскалар береді.

Шахтаның өзі жер астында орналасқан. Бірақ небары 15 метр тереңдікте. Қонақтарға ол туралы айтылмайды. Қонақтарға тереңге түсіп бара жатқандай әсер сыйлау үшін төменге түсіретін тор ұзақ уақыт селкілдейді.

Жер асты мұражайы 100 шаршы метрден астам аумақта орналасқан. Ол жерде қазіргі шахталарда жұмыс жасайтын құрал-жабдықтар орнатылған. Мұражайға келушілер үшін ол құрылғылар іске қосылады, алайда қауіпсіздік сақтау үшін ара қашықтықта ұстайды. Әр құрылғыда арнайы жапсырма бар. Оларда әрбір құрылғы туралы ақпарат жазылған. Ол үшін смартфонда арнайы қосымшаны жүктеп, қосу керек. Әзірге ақпарат тек мәтін түрінде үш тілде: орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде ғана қолжетімді.

- Біз осылайша гидтер мен аудармашылар қызметіне тәуелді болмауды шештік, дейді Асхат Аймағамбетов. Жақын арады, бір-екі аптадан соң бұл жүйені қарапайымдату үшін бұл жапсырмаларды QR-код-қа ауыстырамыз. Сонымен қатар тек оқуға ғана емес, ақпаратты тыңдауға болатындай, біз аудиофайлдар қосамыз.

Әрбір мұражай қонағына ол расында да шахтаға түскені туралы сертификат беріледі. Сонымен бірге, мұражайды аралап болған соң келушілердің барлығына тағам дорбашасы беріледі. Онда екі тілім қара нан мен май, екі тілім шұжық және жасыл жуа салынған

Мұражайдың шығаберісінде кәдесыйлар дүңгіршегі пайда болады.

- Менің ойымша, туристер арасында сұраныс болуы тиіс, - деп есептейді «NOMADIC Travel» компаниясының өкілі Мария Бризицкая. – Бізде ашық әдіспен көмір шығаратын бір шахтамен экскурсиялар жайлы келісім жасалған. Мына мұражай – турды толықтыруға жақсы мүмкіндік. Осыдан екі апта бұрын Германиядан оқушылар келді, олар шахтаға барғысы келді, алайда ол кезде өкінішке орай мүмкіндік болмады.

Әзірге мұражайға билеттерді тек туроператорлардан сатып алуға болады. Нақты бағасы әлі белгіленбеген. Алайда мұражай өкілдері билет құны 500 теңгеден аспайды дейді.


Следующая →