Қазақстан АҚШ пен Еуроодақ арасындағы серіктестікті дамытпақ
ҚР Президенті Н. Назарбаев АҚШ пен Еуроодақ арасындағы стратегиялық серіктестікті бекіту шараларын жалғастыра бермек
- Біз жаңа Ақ үй әкімшілігімен арадағы қарым-қатынасты нығайта береміз, - дейді Н.Назарбаев Қазақстанда аккредацияланған дипломатиялық мисся басшыларымен кездесуінде.
Сонымен қатар Еуроодақпен жүргізіліп жатқан көпбағытты қарым-қатынас одан әрі кеңейе түспек.
- Бүгінгі таңда Орталық Азия өзінің дамуының жаңа кезеңдерін бастады. Біз өз саясатымызды одан әрі дамыта береміз, яғни барлық әлем мемлекеттерімен теңдей серіктестік қатынас орната отырып, аймақтың халықаралық істердегі мәртебесін күшейтпекпіз. Әсіресе, Орталық Азиядағы көршілес, бауырлас, тарихы бір елдермен қарым-қатынасымыздың арттыруға жұмыс жасамақпыз. Әсіресе, мәдениеті мен тілі, діні ортақ Түркия елімен серіктестігімізді бекітуге күш саламыз, - дейді Н.Назарбаев.