Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өскемен қаласы әкімдігі үй салып береді

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының тағы бір бастама бағыты - жеке тұрғын үй құрылысын салу

Жеке тұрғын үй салудың екі басты кезеңі бар. Олар: мемлекет бөліп берген жерлерге үй салу, бөлінген жерде салынған жер үйлерді сату.

Дегенмен, мемлекеттің алғашқы кезеңге көп көңіл бөліп отырғаны байқалады. 2017 жылы жеке тұрғын үй құрылысын салуға республика бойынша 40 мың жер телімі бөлінген.

- Әкімдік тұрғын үй құрылысын салу жөніндегі пилоттық жобаға адамдарды тізімге қабылдау туралы мәлімет жариялайды. Жиналған тізімді әкімдік Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жібереді. Банк тізімдегі адамдардың төлем қабілеттілігіне сараптама жасайды да, тағы бір тізім жасап әкімдікке жібереді. Жеке тұрғын үй құрылысын салуға қажетті жер мөлшері мен оны алатын адамдардың тізіміне қатысты соңғы қорытындыны әкімдіктің өзі шығарады, - дейді ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова.

Кейін жергілікті атқарушы орган тұрғын үйді салуды ұйымдастырады. Жеке тұрғын үй құрылысын салуға тек бір ғана құрылыс мердігері таңдалынады. Әкімдік салынған үйлерге қатысты сату және сатып алу келісімшарттарын жасайды. Содан кейін ғана ТҮҚЖБ қарыз береді.

Сатып алушыларға жеке тұрғын үйді салудың бірнеше үлгілері көрсетіледі. Қажетті үйдің жоспарын алған соң әкімдік соған сәйкес 10 соттық жерге үй салып береді.


Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →