Қазақстанда зейнетақы мен баланың тууылуына байланысты берілетін жәрдемақы сомасы өсті
Қазақстанда 1 шілдеден бастап зейнақы төлімі өсті
20 маусым күні әлеуметтік қамсыздандыру мәселесіне қатысты заң жобасына өзгерістер енгізу туралы заңнама қол қойылғаннан кейін республикадағы жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері өсті.
Нәтижесінде, 2017 жылдың бірінші шілдесінен бастап ең төменгі зейнетақы 40 950 теңгеден 45 711 теңгеге дейін өсті. Ал орташа зейнетақы 60167 теңгеден 66 721 теңгеге дейін көтерілді.
Зейнетақының өсуі барлық зейнеткерлерді қамтыды, яғни 2 млн зейнеткердің зейнетақысы көтерілді.
Сонымен қатар баланың тууылыуна қатысты берліетін жәрдемақы көлемі де 20 пайызға өсіп отыр.
Қазіргі уақытта бір АЕК 2269 теңгеге тең. Теңге бағамы – 321,46/$1.
Халық саны 18 млн құрайды.