Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Он мың адам жер телімінсіз қалуы мүмкін

Семей қаласында 2017 жылдың басынан 1 маусымына дейін жер телімдерін алу туралы 23885 өтініш қабылданған

Ал Өскемен қаласында 3452 адам жер учаскісін алуға кезекте тұр. Облыстық жер қатынастары басқармасының мәліметіне қарағанда, Өскемен қаласында ағымда жылы барлығы 3452 жер телімі пайдалануға берілуі тиіс болатын. Ал Семей қаласында тек 13715 жер телімі ғана пайдалануға қойылған. Демек, 10 мыңнан астам тұрғын жер телімін ала алмауы мүмкін. 

- Өскемен қаласы әкімдігі қанша жер телімі бөлінсе, сонша ғана адамның өтінішін қабылдады. Мұны дұрыс шешім деп айта аламын. Ал Семей қаласында бұл көрсеткіш біршама артық көрсетіліп отыр. Қазіргі уақытта Семей әкімдігі қайта түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Яғни, жер телімдерінен бас тартқан не көшіп кеткен, үй сатып алған адамдар тізімнен шығарылады. Қайта түгендеу жұмыстарының нәтижесі күзде белгілі болады. Содан кейін ғана қанша тұрғынның тізімде тұрғанын біле аламыз, - дейді ШҚО жер басқармасының басшысы Виктория Барсукова.

Басқарма басшысының ойынша, негізгі жоспар орындалмай, артық жер телімін халыққа беру мүмкін емес. 

- Күзде нәтиже шыққаннан кейін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Олардың біршама бөлігі жер ала алмауы мүмкін. Халыққа жалған үміт бермеу керек, - дейді Виктория Барсукова.

Қалалар мен аудандар әкімдіктерімен 2005 жылдан бері жеке тұрғын үй құрылысы үшін барылғы 19026 жер телімі берілген. Соның ішінде 2017 жылы тек 191 жер телімі ғана тұрғындарға берілген. 

Қымбат Слямбеков
Следующая →