Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Журналистер ақпараттың сенімділігін тексеруге заңдық тұрғыда міндеттеледі

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі журналистерге ақпараттың дұрыстығын міндетті түрде тексеру қажет болатын норманы ұсынады

Бұл туралы ведомство басшысы Дәурен Абаев ҚР Парламентінің Мәжілісінде ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша заң жобасымен таныстыру барысында айтты деп хабарлайды «Қазақстан-2050» мемлекеттік бағдарлама сайты. - Біз журналистер ақпараттың дұрыстығын тексеруге міндетті болатын норманы ұсынамыз. Яғни бір жерден жаңалық естіген жағдайда олар ресми өкілге қоңырау шалып, оны нақтылап алуы тиіс. Жаңалықтың шындыққа шын мәнінде сәйкес келетінін анықтап алу керек. Мен осыдан бастайтын болсақ, едәуір ілгерілейміз деп ойлаймын, - деп атап өтті министр. Дәурен Абаев түсіндіріп өткендей, журналист мәртебесіне қатысты кейбір нормалар көзделеді. - Журналистің мәртебесі оның кәсіби қызметіне байланысты. Журналистер маңызды өкілеттіктерге және басқа мәртебелерге ие болатынын байқаған боларсыздар, - деп қорытындылады министр. Еске сала кетейік, Мәжілісте ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша заң жобасымен таныстыруда.
Следующая →