Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Маңызды міндеттер бағдарға алынған

Көкпекті ауданында ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына үміткер Дүйсенғазы Мусин өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Санаулы күндер қалған еліміздің саяси өміріндегі салмағы басым сайлауына Шығыс Қазақстан облысынан үміткер болып тіркелген үміткер Дүйсенғазы Мағауияұлы алдына маңызды міндеттер қойып отыр.

Алдымен үміткердің сенімді өкілі, Көкпекті ауданы тарихи-өлкетану мұражайының директоры Клара Смаилова Дүйсенғазы Мағауяұлының толық өмірбаянымен таныстырып, қызметтің түрлі баспалдақтарында жүріп, мол тәжірибе жинақтаған, өңірдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсы түсінетін азаматтың ел игілігі үшін жоспарлаған істерінің жүзеге асуына қолдау көрсетілетіндігіне сенім білдірді.
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты депутаттығына үміткер Д.Мусин жиналғандарға сайлауалды бағдарламасының өзекті тұстарын баяндады.

- Құрметті аудандық мәслихаттың депутаттары, мен сіздермен сайлаушылар ретінде және бұрынғы қызметтес ретінде кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Егер де алдағы өтетін сайлау науқанында ҚР Парламенті Сенатына депутат болып сайлансам, Шығыс Қазақстан облысы ауылшаруашылығының аграрлық секторымен қатар, денсаулық, білім беру салаларын дамытып, аймақтағы қоршаған орта мен экология мәселелерін оңтайлы шешуге Сенат депутаты ретінде бар ынта - жігерімді саламын. Дұрыс таңдау жасау сіздердің еріктеріңізде, уәдені орындау менің азаматтық парызым. Сондықтан сіздерге қоғамымыз үшін ерінбей еңбек етемін деп нық сеніммен айта аламын. Бар білімім мен қабілетімді тұрғындардың мәселесін шешуге арнаймын. Бұл саяси науқан ертеңіміз үшін қажет,- деп, жиналған депутаттар қауымының еңбектеріне табыс тіледі
Өз қағидасын «Нақты мәселеге – нақты шешім» деп көрсеткен ол жоспарында өзі толық жай-күйін білетін салаларды қамтығанын, депутат болып сайланған жағдайда үлкен жауапкершілікті сезініп, бар білігі мен тәжірибесін ел қуатын еселеуге жұмсайтынын айтты. Үміткерлердің жасаған қызметтері, отбасылық жағдайлары таныстырылған соң, кездесуге қатысушылар өздерінің лебіздерін жеткізді.

Жүздесу барысында аудандық мәслихат депутаты Самарқанд Жотабаев Дүйсенғазы Мағауяұлының көпшілікке танымал азамат екендігін айта келе, Президентіміздің көреген саясаты нәтижесінде тәуелсіз Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықта үлкен беделге ие болғанын, қоғамның жақсы үрдіске бет алғанын, кәсіби Парламент болу үшін дұрыс таңдау жасалу қажеттігін халық сенімінен шығатын тәжірибесі мол азаматқа қолдау керектігін, Дүйсенғазы Мағауяұлының Көкпекті ауданына сіңірген еңбегі зор екендігін және ауыл шаруашылығы саласына жетіктігін бүкпесіз жеткізді.
Осынау мәртебелі лауазымды иеленген азаматтың иығына халқының жүктер аманаты аз болмайтыны анық. Үміткердің ел мүддесін қорғауда еселі еңбек ететініне аудан депутаттары риясыз сенім артты. Айталық, Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңестің төрағасы Сләмбек Мұқашев осы уақытқа дейін аудандағы бірқатар келелі мәселелердің шешілуіне Дүйсенғазы Мағуияұлының ықпалы зор болғанына тоқталып, жүйелі бағдарламасын жария еткен үміткердің жоспарлары ойға қонымды екеніне назар аударды.

Сондай-ақ, ел мен жерді көркейту жолында алдына зор мақсат қойып отырған азаматқа аудандық мәслихат депутаттары Е.Сихварт, Г.Шаймарданова, Д.Дюсембаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына сайлауға түскелі отырған үміткерге сәттілік тіледі.

Следующая →