Оңтүстік Қазақстанның 200-ден астам тұрғыны ЭКСПО-2017 көрмесіне жалған билетпен кірмек болған
ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде анықталған 200-ден астам ксерокөшірме жасалған билет Шымкент қаласында жасалған болып шықты
Казинформ сайты хабарлағандай, көрменің алғашқы күні жалған билеттердің 100 нұсқасы анықталды. Барлығы - түрлі-түсті ксерокс арқылы жасалған көшірмелер. Ал екінші күні ондай билеттердің 70 данасы анықталды. «Негізі, түпнұсқа билеттер Шымкент қаласында сатып алынды. Біз оны арнайы нөмірлер арқылы анықтадық. Сосын түпнұсқа билеттерден көшірмелер жасап алған», - дейді Қарымсақов.
Аталған ақпаратты «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының коммерциализация жөніндегі департамент директоры Дәулет Еркімбаев та растады. Оның айтуынша, адамдар көп жағдайда билеттің көшірмесін жасау арқылы көрме аймағына кіргісі келген. «Алайда әрбір билеттің өзіндік нөмірі мен коды бар. Бір рет кіріп шыққаннан кейін екінші рет өтуге рұқсат жоқ. Автоматты жүйе оны бірден анықтайды», - деп атап көрсетті Еркімбаев.
Айта кетейік, бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы осы уақытқа дейін көрмеге келіп кеткен адамдардың жалпы санын жариялады. Бүгінде павильондарға адамдардың кіріп шығу көрсеткіші 1 млн 57 мыңнан асты.