Әскери дәрігерлер "АрМИ-2017" ойындарына қатысады
ҚР Қарулы Күштерінде «Әскери-медициналық эстафета» байқауына қатысу үшін әскери қызметшілер арасында іріктеу кезеңі өткізілуде
«Отар» 40-шы әскери базасында Ресей Федерациясы Ленинград облысындағы Киров атындағы Әскери-медициналық академиясының полигонында «АрМИ-2017» Армия халықаралық ойындары шеңберінде осы жылдың тамызында өтетін «Әскери-медициналық эстафета» байқауына қазақстандық әскери қызметшілердің қатысуы үшін іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайдыҚР Қорғаныс министрлігі.
Байқауды өткізу шарттары бойынша қатысушы елдер екі командадан ұсынуы тиіс. Сондықтан іріктелгендердің ішінде бес ер адам және төрт әйел әскери қызметші. Құрама команданың қаңқасын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің әскери қызметшілері құрайды.
«Әскери-медициналық эстафета» кәсіби шеберлік байқауы бірқатар сайыстарды қамтиды. Оның ішінде, кедергілер жолағынан өту, тапанша мен автоматтан оқ ату, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдысын паш ете отырып, арнайы дайындық бойынша нормативтерді орындау. Оның үстіне, байқау жаттығулары күрделі жағдайда орындалуы тиіс. Мәселен, шартты жаралыға медициналық жәрдем көрсету үшін әскери медиктерге шұңқырларды, орларды, үйінділерді, тікенді сымнан жасалған инженерлік қоршаулардағы өтпелерді еңсере отырып, 30 метрлік жерден бауырлап жылжып өтуге тура келеді. Ал алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін 30 метрді жүріп өтіп, жаралыны тасаға алмастыруы тиіс. Өзге командалық жаттығуда шартты жаралы механик-жүргізушіні арнайы иықбаудың көмегімен ұрыс машинасының люгынан алып шығып, зембілмен қауіпсіз жерге жеткізу қажет.
Бастапқыда әскери буынның кіші және орташа медициналық персоналының ішінен анағұрлым дайындалған мамандарды айқындау үшін полигонға келісімшарт бойынша 27 әскери қызметші келді, - деп команда жетекшісі, Қазақстан Құрлық әскерлері әскери-медициналық басқармасының бастығы медициналық қызметінің бастығы Александр Лизе ақпараттандырды. Жаттығуды орындау қорытындысы бойынша ең мықты және төзімді тоғыздық іріктелінді.
Екі аптаға созылған тартысты іріктеу сайысынан кейін бүгін барлық қатысушылар ұдайы орналасу пункттеріне кетеді. Он күндік демалыстан кейін әскери ақ желеңділер тікелей эстафетаға қатысу үшін Гвардейск гарнизоны полигонындағы дайындық жаттығуларда қайта бас қосады.
Әскери-медициналық эстафетаға іріктелініп алынған тоғыз әскери қызметшінің үшеуі былтырғы жылы мұндай сайысқа қатысқан болатын, - деді Қазақстан Құрлық әскерлері құрамасының бас бапкері медициналық қызметінің майоры Мұрат Фатыков. Жеңіске деген құлшыныс сияқты бұл жігіттерде әлеует пен тәжірибе бар. Бұл баршамызға олар сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетеді деген сенімділік береді.