«Ақмола даласында қалып қалған үйсіздер» туралы бейнетүсірілімге қатысты полиция еш түсініктеме бермей отыр
Астанадан Көкшетауға көшірілген үйсіз тұрғындардың Көкшетаудан айдалаға ұшақпен апарып тастағаны жайында бейнетүсірілім желіде тарап кетті
Сонымен қатар желіде тағы бір видео пайда болды. Онда далада қалған қаңғыбас адамдардың жолға шығып алып автобус тоқтатып тұрғаны әрі олардың жанында екі полиция қызметкері жүргені көрінеді.
- Мына адамдарды Астанадан алысқа апарып тастағаны көрініп тұр, мүмкін Қостанай облысында жүрген шығар. Арасында мүгедектері де бар. Биліктің халыққа деген көзқарасы қандай екені көрініп тұр, - дейді әлеуметітк желі қолданушысы.
Бұған қатысты Астана қаласының ІІБ түсініктеме берді.
- Панасыздарды ұшақ немесе өзге де көлік түрлері арқылы көшірілген жоқ. Олар бейімдеу орталықтары, туыстарына жіберілді. Ауруларын емдеуге жібердік. Құжаты жоқтардың азаматтылығын анықтау үшін кезекші бөлімдерге әкелдік, - дейді Астана полицейлері.
Ал аталмыш роликке қатысты түсініктеме беруін өтінген кезде Астана полицейлері бас тартты.
- Бұл жөнінде өзге аймақ полицейлерінен түсініктеме алыңыздар. Бұл біздің аймақ емес, - деді баспасөз қызметі.
Ақмола облысының полицейлері аталмыш видео жөнінде кейін ақпарат беретіндігін айтты.
Следующая →