Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

15 маусымға арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

АҚШ Сенаты Ресейге қарсы санкцияны кеңейтуді қолдады
АҚШ Сенаты дауыс берушілердің көптігі арқасында Ресейге қарсы санкцияны кеңейту бойынша заң жобасын қабылдады
Енді заң жобасы Конгресстің палата өкілдерімен қаралады, кейін ол бекітілетін болса құжат президентке тапсырылады.

Болжам бойынша құжат ресей банктерінің және мұнайгаз секторы компаниялары сауда қаржысын максималды түрде 14 және 30 күнге қысқартуды көздейді.

Сонымен қатар, түзетулер енгізілгеннен кейін 180 күн ішінде АҚШ Қаржы министрлігінің басшысы конгресске Реседің егеменді міндетіне салынған санкциялардың ықтималды нәтижесі туралы баяндама оқиды.
 
Марин Ле Пеннің әкесін депутаттық тиіспеушіліктен айырды
Еуропалық парламент 88 жасар Жан-Мари Ле Пенді расистік сөзі үшін депутаттық тиіспеушіліктен айырды.

Сәрсенбі күні Еуропарламент құқықтық радикалды Ұлттық фронт француз партиясының негізін салушы Жана-Мари Ле Пенді елдің көзінше расистік сарындағы сөзі үшін депутаттық тиіспеушіліктен айырды.

Жан-Мари Ле Пен бұл иммунитеттен бірінші рет айрылып тұрған жоқ. Ол әрқашан айтқан сөздері үшін осындай жаза алып келген. Француз органдары бұл сөздеріне анитсемиттік немесе нәсілдік жеккөрушілік тудырады деп бағалап келген.
 
Ресей Трампқа сүйсіне қарайды – Путин
Ресей АҚШ президенті Дональд Трампқа сүйсіне қарайды, себебң екі жақты қарым-қатынасты қалпына келтіруге дайын екенін айтты. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин американдық режиссер Оливер Стоунге берген сұхбатында мәлімдеді
Әрине, біз Трампқа сүйсіне қараймыз, себебі ол дүйім елдің көзінше ресей мен американдық қарым қатынасты қалпына келтіру ниетін білдірді. Әр елдің журналиятері сұрақ қоя отырып, мені бір жерден ұстаймын деп ойлағанда,көкейімде бір сұрақ қана болды. Ол: ал сендер Ресей мен Құрама Штаттардың жақсы қарым қатынасына қарсысыздар ма?, - деді Путин.
 
Гватемаледа күшті жер сілкінісі орын алды: құрбандар бар.
Гватемаледа күштілігі 6,6 магнитудаға жеткен жер сілкінісі орын алды. Кем дегенде бес адам қаза тауып, жетеуі зардап шеккен.
Қаза тапқандардың ішінде төрт әйел және бір ер адам бар.
40-тан астам мекемлер зақымданған.
 
Францияда белгісіз біреулер 200 мың лит шарапты төгіп кеткен.
Қаскүнемдер Францияның оңтүстігіндегі Эро департаментіндегі толайым шарап сатушысының жеке меншік жеріне кіріп кетіп, бөшкелердегі 200 мың литр шараптарды төгіп кеткен.
Оқиға 13 майсым күні кешке орын алған. Он адамнан тұратын топ 17 резервуардың қақпақтарын ашып кеткен.

Құқыққорғау органдары болған оқиғаны тергеу жұмыстарымен айналысуда.

Жергілікті БАҚ атап өткендей, Францияда мұндай жағдай бірінші рет орын алып отырған жоқ. Осындай оқиғалар Гар, Од және Шығыс Пиренеясы департтаменттерінде тіркелген. Бұзықтыққа барғандар шетелдік шараптардың импортына қарсы. Көп жағдайда Испаниядан келетін шараптар бәсекелестік тудырады.
Следующая →