Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ұлан ауданы ат спортынан чемпионат өткізді

Ұлан ауданында ұлттық ат спорты түрлерінен ашық чемпионат өткізілді. Чемпионат жеңімпаздарынан Ұлан ауданы ат спорты түрлерінен құрама команда жасақталмақ

Ұлан ауданы ұлттық ат спорты түрлерінен өзінің ішкі ашық чемпионатын өткізді. Аталмыш чемпионат Ұлан ауданы спортты дамыту қоғамдық кеңесінің және аудандық спорт бөлімінің балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен өткізілді.

- Ауданымызда ат спорты жақсы дамыған. Оған ауданымыздан шыққан Жұмабек Жапишев, Қайрат Мусин, Ермек Жапишев сынды чемпиондар мен спорт шеберлері дәлел бола алады. Кеше ғана облысымызда волейболдан өткен Азия чемпионаты облыстағы волейболдың дамуына үлкен үлес қосады. Сол сияқты біз де ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізу арқылы ауданымыздағы ат спортын одан әрі дамытуды мақсат етіп отырмыз, - дейді аудандық спорт бөліміне қарасты балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Манарбек Буденов.

Чемпионатқа Ұлан ауданының сәйгүліктері мен шабандоздары, атбегілері мен көкпар командалары қатысты. Аудандық чемпионат үш ат спорты түрінен өткізілді: бәйге, көкпар және аударыспақ. Соның ішінде бәйге үш дистанция бойынша өткізілді: 2,5 шақырымдық ұшқыр бәйгесі, 15 шақырымдық топ бәйгесі және 25 шақырымдық аламан бәйге.

Бәйгеге барлығы 58 жүйрік және көкпарға 4 командадан құралған 48 спортшы қатысты.

Екі жарым шақырымдық бәйге жарысында 11 шабандоз қатысса, алты айналымнан тұратын 15 шақырымдық бәйгеге 14 шабандоз қатысты. Екі жарым шақырымдық ұшқыр бәйге бойынша І орынды «Еркежирен» есімді сәйгүлігімен шабандоз Советхан Мақсат алса, екінші және үшінші орынды Т. Тоқтаров ауылдық округінен келген Нұрмұхамбет Тұраровтың «Қымбат» есімді сәйгүлігі мен «Комбат» есімді сәйгүлігімен шыққан шабандоз Мұрат Атантаев екеуі бөлісіп алды.

Он бес шақырымдық бәйгеден І орынды шабандоз Беимбет Құсайынов («Еркетай» тұлпары), ІІ орынды Айдос Нариманов («Күрең» тұлпары), ІІІ орынды Айдос Данияров («Тұмар» тұлпарымен) алды.

Он айналымдық 25 шақырым бәйгеден бірінші болып Нұрауыт Төлештің «Торы аты» келсе, екінші болып Ерболат Набиолдиннің «Бурка» сәйгүлігі, үшінші болып Дастан Кемешовтың «Ізбасар» тұлпары келді.

Ауылдық округ шабандоздарынан жасақталған көкпар командалары арасындағы дода өте тартысты өтті. Нәтижесінде І орынды Айыртау ауылдық округінің командасы, ІІ орынды Өскемен командасы, ал ІІІ орынды Егінсу ауылдық окргугі командасы қанжығаға байлады.

- Бұл жарыс іріктеу мақсатында өткізіліп отыр. Чемпионат жеңімпаздарынан облыстық және республикалық жарыстарға қатысатын аудандық құрама командалар дайындалады, - дейді Ұлан ауданының спортты дамыту қоғамдық ұйымының төрағасы Қайдар Әлімханұлы.


Қымбат Слямбеков

Следующая →