Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Риддерде қылмыс саны екі есеге өскен

Риддер қаласында қылмыстық тәртіп бұзушылық саны артып тұр. Бұл туралы Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов баспсөз конференциясы барысында мәлімдеді

Биыл тіркелген қылмыстардың жалпы саны 657 оқиға. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда екі есеге артқанын көрсетеді. Тұрғындардың он мыңына шаққанда 343,9 көрсеткішін құрады. Ал, жалпы, құқықбұзушылық әрекеттердің ашылуы 58,7 пайызды құраған.

- Байқағанымыздай, қазір мүліктік қылмыстың өсуі жиі байқалады. Яғни, ұрлық саны артқан. Сондай-ақ қылмыстың қайталануы 2, 3 есеге артқанын көреміз, - дейді Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов. - Қазір аталмыш қылмыс түрі жиі тіркеледі. Адамдар саяжайларына көше бастады. Барған жерінде мүлкінің жоқтығын байқап, полицияға хабарлайды.

Дегенмен, бұл қалада ауыр және аса ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төмендеген. 2016 жылы аталмыш қылмыс түрінен 46 оқиға, 2017 жылы 39 оқиға тіркелген.

- Былтырғы жылы Риддерде қоғамдық орында бірде-бір ауыр қылмыс тіркелмеді. Төбелестер, адам өлтіру сынды оқиғалардың барлығы тұрмыстық жағдайда, пәтерлерде жасалған, - дейді Жомарт Хайдарұлы. - Қылмыстардың көбі мас күйінде жасалатындықтан, түнде арақ сатумен айналысатын дүкендерді қадағалауға алдық. Қазір полиция қызметкерлері бұл жөнінде қатаң жұмыстар атқаруда.

Сол сияқты нашақорлыққа байланысты құқықбұзушылықтар былтырғы жылмен салыстырғанда 29-дан 24-ке, кәмелет жасқа толмағандар қылмысы 7-ден, 4-ке дейін түскен.


Айдос Мырзахметов

Следующая →