Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жұмысшыларын жалақыдан қаққан

2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындары өз жұмысшыларына 1 млдр 650 млн теңге қарыз болған

«Уақытылы жалақы» науқаны аясында ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мен облыстық прокуратураның бірге жүргізген тексерісінің нәтижесінде төленбеген еңбекақылардың барлығы өтелген.

Еңбек инспекциясы басқармасында 2016 жылы барлығы 2000 арыз-шағым түскен, оның ішінде жалақының төленбегені жайында 1580 шағым түскен.

- Қолданылған іс-шаралар нәтижесінде 1654,4 млн теңге сомасындағы еңбекақы берешегі толығымен өтелді, - дейді ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов.

Ал 2017 жылдың қаңтар-мамыр айларында мемлекеттік еңбек испекторларымен 445 тексеру жұмысы жүргізілген.

- Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 272 ескерту жасалып, 197 әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы көлемі 23,6 млн теңгені құрап отыр. Осылайша, қызметкерлеріне жалақы төлемеген жұмыс берушілер 260 млн теңге көлеміндегі қарызды толықтай қайтарды, - деді Бақытбек Қизатов.

Айта кетсек, жұмыскерлердің жалақысын ұзақ уақыт төлемей, қарызға белшеден батқан компаниялар арасында «Востокмашзавод» АҚ мен «Адиль» АҚ сияқты ірі кәсіпорындар да бар болып шықты. Акция барысында бұл компаниялар да берешек сомасын толықтай өтеді.


Ардақ Аманғалиева

Следующая →