Мәжіліс соққы жасауға қатысты қылмыстық жауапкершілікті алып тастауға шешім шығарды
Мәжіліс депутаттары адам денсаулығына жасалған жеңіл соққы үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастады. Сонымен қатар жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін де қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды
ҚР Парламент мәжілістері кезекті отырысында құқықтық қорғау жүйесін жүзеге асыру мәселелеріне қатысты заңнама жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу заңын қабылдады.
Мәжіліс комитеті айтып отырғандай, аталмыш заң жобасы қылмыстық атқару органдарының қызметіне нақтылық береді. Өзгерістер мен толықтырулар Қылмыстық кодекс, қылмыстық-проссуалды кодекс және әкімішілік құқықбұзушылық кодекс заңнамаларына да өзгеріс әкеледі.
Мәселен, ҚК-тің 108-бабы мен 109-бабындағы құқықбұзушылықтар әкімшілік құқық бұзу ретінде қаралатын болады.
- Қылмыстық құқық бұзу жағдайларын барынша гуманизациялау мақсатында қоғамға аса үлкен қауіп төндірмейтін құқықбұзушылықтарға деген шектеулерді өзгетуге бағыттылған. Оның ішінде жеңіл, қоғамға зияны жоқ жалған кәсіпкерлікпен айналысу жағдайлары да қарастылыған, - делінген қорытындыда.