Конгрессмен Трампқа импичмент дайындауда
АҚШ Палата өкілдерінің демократы Эл Грин президент Дональд Трампқа ресми импичмент дайындығын бастап отыр, деп хабарлайды The Hill
Аталғандай, ол импичмент ұсынысымен жазбаша түрде арыз дайындауда. Бұл үрдістің бастамасына жасалған алғашқы ресми қадам.
Алайда Гриннің арызы палата өкілдерінен толық қолдау жинауы шамалы, себебі ол республикандықтармен бақыланады. Дегенмен, басылымның хабарлауынша, Гриннің бұл қадамы президентке қатысты демократтардың қобалжуын тек үдете түспек.
Гриннің сыны 2016 жылы АҚШ-тағы сайлауға Ресейдің араласуы турасындағы тергеу амалдарын жүргізген ФББ бұрынғы директоры Джеймс Комиді Трамтың жұмыстан шығарып тастауына негізделеді.