Өскемен
облачно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +9°
$
488.26
-0.19
530.54
+1.35
¥
68.59
5.03
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Мектеп оқушылары енді нөлінші сынып оқитын болады

2017 жылдың қыркүйегінен бастап 12 жылдық білім беру жобасы негізінде мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері нөлінші сынып оқитын болды. Бұл жайында «Қазақстан-2050» мемлекеттік бағдарламасының сайты хабарлап отыр

«Әзірге пилоттық режимде. Бүгінде бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндердің 15 пайызы білім алуға дайын емес. Нөлінші сыныптар мектептер мен балабақшаларда бірдей құрылатын болады. Ағымдағы жылы нөлінші сыныптарға арналған «Әліппе», «Букварь» пилоттық оқулық апробициядан өтеді. Ал, бірінші сыныпта ендігі кезекте «Ана тілі» — «Родной язык» оқытылатын болады», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптар жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытылады. Ол балаға алған білімін қалай пайдалануды, қажетті ақпаратты таба білуді үйретеді.

«Өткен жыл өте қиын жыл болды. Біліктілігі арттырылған 75 мың бастауыш сынып оқытушылары өздерінің оқушыларына барды. Ағымдағы жылы бұл процеске 1, 2, 5, 7 сыныптар қатыса бастайды, тағы 75 мың ұстаз қайта оқытылады. Кесте бойынша білу беру құрамын жаңарту үшін бізге тағы үш жыл берілген», - деді министр.

Атап өтер болсақ, Қазақстан білім беру құрамын жаңартуға осыдан төрт жыл бұрын алғаш кірісті, деп хабарлайды Elorda.info.

«Бізге барлығы 16,5 мың пән мұғалімдері керек, олар бас-аяғы төрт пәнді 10-11 сыныптарға ағылшын тілінде үйрете алуы тиіс. Біздің жоспарымыз бойынша ағымдағы жылы жұмыстан босатыла отырып, жалақысы сақталған және іс сапар төленетін жағдайда он айлық қайта даярлау курстарына 5 мың мұғалім жіберіледі. Алайда, қайта даярлау курстарына 12 ұстаз жазылған. Біз қосымша қаражат бөлдік, енді оқыту процесіне кірісудеміз. Ағымдағы жылы тағы 12 мың оқытушыны оқытуды көздеп отырмыз, сонда қорымыз айтарлықтай болады», - деп атап өтті Сағадиев.

Бұдан басқа, үстеміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап еліміз бойынша 500 пилоттық сынып ата аналарының жазбаша рұқсатымен бұрынғы ҚТЛ әдістемесі мен оқу құралдарын пайдалана отырып «Білім - инновация лицейі» әдістемесі бойынша білім алатын болады. Министрдің айтуынша, базалық пәндерді ағылшынша үйретуге көшу бойынша қорытынды кесте келер жылдың соңына қарай бекітілетін болады. 

Следующая →