Дәурен Абаев әлеуметтік желілер жұмысындағы ақаулар туралы пікір білдірді
Соңғы күндері қазақстандықтар Twitter, Instagramm және Facebook сынды әлеуметтік желілердің жұмысындағы тұрақсыздықтарға шағымдануда
"Қазақпарат" ХАА сайтында хабарланғандай, ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанда ғаламтордың жеткізілуіне байланыс операторлары жауап беретіндігін, сол себепті байланыс сапасына көңілі толмайтын азаматтардың соларға хабарласуына болады деп түсіндірді.
- Егер мәселе туындаса, онда ол нақты байланыс операторларымен байланысты. Біз аталған мәселені реттеп жатырмыз, ақпаратты ұсынамыз, - деді Дәурен Абаев.