Кәсіби мемлекеттік аппарат құру
Халықтың мемлекеттік аппаратқа деген көзқарасы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты
«Қазақстан — 2030» стратегиясында айқындалған мемлекеттiк қызметтi дамытудың басымдықтары: «кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйесiн жақсарту»; «мемлекеттiк қызмет - ұлтқа қызмет ету»; «мемлекеттiк қызметтiң жоғары абыройын қалыптастыру және қолдау» Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметiнiң жаңа моделiн қалыптастыру негiзiне алынған.
Мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделi бiрiншi кезекте «мемлекеттiк қызмет» ұғымын жаңғыртуды көздедi. Мемлекеттiк қызмет «ұлтқа (қоғамға) қызмет ету» ұғымының синонимi болып, мемлекеттiк қызметтердi тұтынушы болып табылатын халыққа бағытталды.
Мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделi оны кәсiбилендiрудiң басты факторы болып табылатын адами фактордың маңыздылығын тануға және тиiмдi кадр жұмысын жүргiзуге бағдарланған.
Мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделiнде мемлекеттiк саясаттың тиiмдi iске асырылуын кәсiби тұрғыдан қамтамасыз ететiн жоғары мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер корпусы қалыптастырылып, мемлекеттiк қызметке кiру және оны атқару тетiктерi түбегейлi жетiлдiрiлдi.
Осылайша, «Қазақстан - 2030» Стратегиясының ережелерi негiзге алына отырып:
1) мемлекеттiк қызмет жүйесiндегi тиiмдi кадр саясаты және адами капиталды басқару жүйесi;
2) мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң жоғары сапасы және мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгi;
3) мемлекеттiк қызметшiлердiң оң имиджi және мiнез-құлық этикасы мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделiн қалыптастырудың үш тұғырлы мақсаты болып табылады.
Үш тұғырлы мақсатқа сәйкес:
1) мемлекеттiк қызмет жүйесiнде жаңа кадр тетiктерiн қалыптастыру және қолданыстағыларын жетiлдiру;
2) мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыру және мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысын мемлекеттiк қызметтердi тұтынушы ретiнде халыққа бағдарлау;
3) мемлекеттiк қызметтiң жоғары мәртебесi мен беделiн қамтамасыз ету, мемлекеттiк қызметшiлер мiнез-құлқының этикалық нормаларын қалыптастыру мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделiн қалыптастырудың мiндеттерi болып айқындалды.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі қабылданды.
Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің халық алдындағы беделін жоғарылату мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлықтары, қызметтік қатынастағы мінез-құлық жөнінде кеңінен сипатталған.
Яғни, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге; қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға; өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.
Следующая →

Бахытжол Ақшалова,
Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті
персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімі басшысы
Тақырыптар:
Кәсіби мемлекеттік аппарат құру