Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Алакөл демалыс базасы биыл ашыла ма?

Үржар ауданда өнеркәсіп саласы дамуда. Алайда аудан әкімі бұл салада біраз қанағаттанбайтын белгілер барын айтады

Аудан былтырғы жылы 3 млрд 107 миллион теңгенің өнімін алған. «Мадина» көмір кеніші, шұжық, нан өнімдерін шығаратын зауыттар көрсеткіштері төмендеу болған. Сол сияқты инвестиция тарту сұрағы туындап тұр. Салыстырмалы түрде 2015 жылы ауданға 8 млрд-тан астам инвестиция тартылса, 2016 жылы бұл 4 млрд 556 миллион теңгені құраған. Яғни, 48 пайызға ғана орындалған.

- Дегенмен, жеке меншік инвестиция тарту жақсы қолға алынған. Бір Алакөлдің басында 21 нысан ағымдағы жылдан бастап салына бастады, - дейді Серік Зинабекұлы. - Алакөлдің жағалауын абаттандыру жұмысына 500 миллион теңге бөлінді. Автотұрақ, жағалау, саябақ салынуда. 760 метр жерге тұрғындар өз қалтасынан гүлдендіру жұмыстарын жүргізуде. Алакөлде 147 кәсіпкерлік нысан бар. Яғни, демалыс базалары. Былтыр облыс әкімі өңірге келіп, облыс прокуроры, ІІД басшысымен жиналыс өткізді. Сол кезде абаттандыру жұмыстарымен айналыспаған, су құбыры, электр қуаты, көгалдандыру, жарықтандырылмаса, биыл ашылмайтындығын айтқан. Егер уақытында жасалмаса, демалыс базасы ашылмайды.

Үржар ауданының мәдениет саласы айтарлықтай жоғары деңгейде дамуда. Айта кету керек биыл Үржарда үш мемлекеттің жолын тоғыстыратын тарихи шара жоспарланған.

- 8-17 шілде аралығында Мәскеу – Үржар - Пекин арасында авторалли өтеді. Бұл «Ұлы Жібек жолын» жаңадан байланыстыруға бағытталған ауқымды шаралар, - дейді Серік Зайнулдин. - Сонымен қатар халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне 5600 адам баруға ниет білдіріп отыр. Алакөлдегі демалыс кезеңі 10 шілдеден бастап жұмыс істейтін болады. 400-ден астам бала мен әлеумттік жағдайы төмен ата-аналарды апаруға 12 миллион теңге бөлдік. Жазда өтетін жәрмеңкеге де дайындалудамыз. Оған дейін қауын-қарбыздарымыз да уақытында пісіп үлгереді.


Дос Сапар

Следующая →