Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Болашақтың тірегі - бәсекеге қабілетті ұрпақ

Жарқын болашақтың кілті болып табылатын жас ұрпаққа тұғырлы білім беруде негізгі жауапкершілік мектептердегі ұстаздарымызға жүктеледі

Жалпы, оқушылардың пәнді меңгеруге деген қызығушылығы басым болған уақытта ғана білімнің нәтижелілігі танылады. Ал әрбір оқушының бойында қызығушылықты қалыптастыра білу мұғалімнің білімділігі мен біліктілігіне байланысты. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни, барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы екендігін атап өтті. Өскемен қаласындағы №45  бейімделген орта мектебі ұжымы Елбасының сарабдал саясатын ұстана отырып, биылғы оқу жылын табысты аяқтады. 

- Ұжымдағы  педагог қызметкерлердің жоғары білімділерінің үлесі - 95%, ал олардың 30%-ы жоғары және бірінші санатты мұғалімдер болса,  4 мұғалім магистратура бітірген мамандар, - дейді мектеп директоры Оралхан Тлеукенов. - Биылғы  оқу жылында  мектеп бітіруші  28  түлектің ішінен  4 оқушы  «Алтын белгі» үміткерлері болып отыр. Осы оқу жылында мектеп ұжымы қалалық білім беру бөлімінің ұйғарымымен  «Орта білім беретін үздік ұйым - 2017» байқауына қатыспақшы. Ол да  ұжым қызметкерлерінің еңбегінің еленіп, бағаланып отырғаны.

№45  бейімделген орта мектебіндегі оқу ісінің меңгерушісі, 1-деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Нурия Шабалова мектепішілік деңгейлік курс бітірген мұғалімдер арасында жыл сайын онкүндік өткізіп, ашық есік күнін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырып келеді. Сонымен қатар, мектептегі оқытушылар түрлі кәсіби сайыстарға қатысып, өз біліктіліктерін жетілдіре отырып, жинаған тәжірибесін өзгелермен бөлісуді жөн санайды. 

- 19 қызметкер мектептегі деңгейлі бағдарлама курсын тәмамдап, сындарлы оқыту теориясына негізделген 7 модуль аясында қызмет етіп жатыр, - деп атап өтті мектептегі ғылыми және дарынды балалармен атқарылатын жұмыстарға жауапты Нурия  Ибраимқызы. - 7 модульдің бірі дарынды және талантты балаларды оқыту екенін әркез естен шығармауымыз керек.   Мектеп ішінде  құрылған «Бастау»  ғылыми қоғамының жұмысында  оқушылардың зерттеушілік, ізденушілік қасиеттерін дамыту бірінші кезекке қойылған.  Өткен оқу жылында қалалық  «Зерде-16» 1-7-сыныптар арасындағы  ғылыми жобалар байқауынан   5 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олардың ішіндегі 6-сынып оқушысы Нұрдәулет Сейтханов облыс, республикадан жүлделі 1-орынды еншіледі. 

Мектепте қалалық, республикалық, халықаралық зияткерлік байқауларға қатысуға талпынған оқушылар саны жыл санап артып келетіндігі байқалады. Осы орайда үштілділікке қатысты жобаларға қатысып, «Полиглот» жобасы аясында қалалық мектептердің арасында өткізілген тілдік пәндер олимпиадасында мектептің орыс, ағылшын тілі мұғалімдері жүлделі 1-орын алып,  қалалық білім бөлімі басшысының мадақтамасымен марапатталғанын да айта кеткен жөн.
Следующая →