Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жолдың бүтіндігіне кім жауапты?

«Тұрақты даму және өндіруші салалардың ашықтығына бастама» атты мамандар тобы жуықта «Шығыс жолдары» атты отырыс өткізді

Отырыс барысында Шығыс Қазақстан облысының төңірегіндегі республикалық маңызға ие жолдардың бүтіндігі туралы сұрақтар көтерілді. 

Мамандар анықтағандай, ҚР Әкімшілік кодексі «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» 631-бабының бірінші тармағында «Жолдарда жұмыс жүргiзу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және жол құрылыстарын күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларында белгiленген өзге де талаптарды орындамау» туралы айтылған. Сол сияқты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі №757 бұйрығында «Қоса беріліп отырған Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін» деп көрсетілген. 

- Осы бұйрық аясында жол полициясы облыстық жолдардың жағдайына жауапкершілік артады, - дейді заңгер Роман Реймер. - Яғни, егер жол полициясы қызметкерлерінің экипажы жол үстіндегі шұңқырларды байқаса, тоқтап, оны өлшей отырып құжат рәсімдеуі керек. Кейін аталған учаскеге жауапты адамды анықтап, жауапкершілік артуға міндетті. Бұйрық бойынша жол полициясы аталмыш әрекеттерді орындауға құқылы.

  Иә, расымен жүргізушілерімен құқыққорғаушыларға арналған ІІМ бұйрығының бар екені рас. Ата Заңымыз Конституцияның 37 бабында көрсетілген «Жол қозғалысы туралы» Заңы бар. 

- Жыл басынан бері жол техникалық инспекциясымен 480 автомобиль жолдарын тексеру жұмыстары жүргізілді, - дейді ШҚО ІІД ӘПБ Жол және техникалық инспекция бөлімінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Игорь Клишин. - Осыған байланысты 430 бұрйық жазылған.  Айта кету керек, мұнда жол иелері де, жол жөндейтін мердігерлер ұйымдары да кіреді. Жолдың қанағаттандырылмаған жағдайы үшін жыл басынан бері 71 лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды. 

Ағымдағы жылы шекаралық өңірді және Марқакөл көлі өңіріндегі рекреациялық аймақты дамыту мақсатында «Теректі – Урунхайка - Тосқайың» жолдарын қайта құру жоспарланған. Күршім ауданындағы Урунхайка және Ақжайлау ауылдарының арасындағы бұл 3,8 км жолды жөндеуге республикалық бюджеттен 231 млн теңге қаражат бөлінген.

Орташа деңгейдегі жөндеу бойынша жалпы сомасы 2,390,24 млн теңгені құрайтын 122 км жол жөнделсе, оның 112 км-і облыстық маңызға ие. 

- Біздің Шығыс Қазақстан облысын 12 мың шақырым жол торлап жатыр. Өзге өңірмен салыстырғанда бұл республикадағы ең ұзақ жол болып саналады. Оның 9 мың шақырымы көше жолдары, - дейді ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтанов. - Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, біздің облыс аумағы Германиямен тең. Расымен, кейбір адамдар Германия жолдарының сапасы туралы жиі айтады. Алайда, бүкіл Германияның 12 мың шақырым ғана жолы бар десек, бұған оның 10 есеге жоғары инвестициясы мен бюджетін есепке аламыз. Сонымен қатар технологиялық даму деңгейі де жоғары болады. Былтырғы жылы жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша бүкіл Шығыс Қазақстан төңірегіндегі жолдарды жөндеуден өткізу үшін 80 миллиард теңге қаражат керек екені белгілі болды. Республикалық есеппен бұл орташа деңгейдегі облыс бюджетімен тең. Сонымен қатар, шұңқырларды жөндеудің кепілі небары 6 айды құрайды. Яғни, екі мезгіл өте салысымен, оның бүтіндігіне ешкім кепіл бермейді. 

Жөндеу жұмыстары Алтай Альпісі демалыс базасына қарай, Абай ауданындағы Жидебай мекеніне қарай, паром өткелінен Күршім ауылына дейін бағытталады. Сонымен қатар Алакөл, Бородулиха - Шемонаиха бағытындағы жол жөндеу жұмыстары жалғасын табады. 

Ал аудандық маңызға ие Үржар ауданындағы «Науалы – Көкөзек - Көлденең - Қаратума» және Зайсан ауданындағы «Омск – Майқапшағай – Жамбыл - Дайыр-Көкжыра» жолдары да жөнделеді.
Следующая →