Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Үржарда ірі ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып жатыр

ШҚО-ның Үржар ауданында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмыстары жемісті жүзеге асуда

Бүгінгі күні ауданда 23 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған. Бұл туралы ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин мәлімдеді.

Құрылған кооперативтердің 1-еуі өсімдік шаруашылығын дамыту үшін, 1 кооператив сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту, 1 кооператив жеке қосалқы шаруашылықтардың қоғамдық тобының ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша, 3 кооператив аралас қызметпен және 17 кооператив ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту бойынша құрылған. Кооперативтер құрамында 1952 бас ірі қара, 124 бас жылқы, 2056 бас ұсақ мал және 2310,3 га ауыл шаруашылық жерлері бар. Оларда барлығы 270 адам жұмыспен қамтылған.

 - Кооператив құрамында мүшелерінің саны 20 және одан жоғары адамдары бар барлығы 5 кооператив ашылған. Сонымен қатар, құрамында 20 адамы бар 2 кооперативтің  құжаттары әділет басқармасында тіркелу үстінде. Тиісті жұмыстар жалғастырылуда, -деді С. Зайнулдин.

            Былтыр аудан көлемінде өндірілген ет көлемі –  17 816,5 тонна (106,7 %), сүт – 73 520 тонна (104,6%), жұмыртқа – 16 846 мың дана (101,3 %), қырқылған қой жүні – 626 тоннаны (100,9%) құраған. Бұл орайда, агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға жасалған көмектің үлесі қомақты екенін ескерген жөн.
Следующая →