Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен тұрғыны балалар орталығын сақтап қалуға шақыруда

Өскемен қаласының тұрғыны осыған дейін үш рет өзгертілген қалалық "Октябренок" сауықтыру орталығын сақтап қалуға арналған петицияға қол жинауға шықпақшы

Елбасыға арнап жазылған хатта сауықтыру орталығында балалаларын емдетіп эатқан ата-аналар өз арыздарын айтқан.

- Құрметті Елбасы! Сізге сырқат балалардың ата-анасы, оның ішінде қант диабетімен ауыратын балалардың да ата-анасы бар, "Октябренок" балалар орталығының қызметкерлері және Өскемен қаласының тұрғындары арызданып отыр. "Октябренок" балалар орталығы әу баста ерекше мәртебе ие болғанына қарамастан қалалық білім беру басшылары бұл ұйымның ешқандай білім беру стандартына жатпайтындығын желеу қылып, орталықты жабуға ниеттеніп жүр. Орталыққа республиканың әртүрлі аймақтарынан балалар келіп емделетін еді. Ендігі кезекте қала басшылары өзге облыстардан балаларды қабылдауға қарсы болып отыр. 2016 жылдың тамыз айынан бастап қосымша білім беретін ұйым мәртебесі, кейін интернат ретінде атау берілді. Ал 2017 жылдың сәуір айынан бастап мектеп-балабақша-интернаты атауы берілген болатын. Ал ендігі уақытта сауықтыру орталығынан айыратын ұйым ретінде тіркеу шешімі қабылданғалы отыр. Біз ҚР Білім және ғылым министрлігіне, Денсаулық сақтау министрлігіне, қалалық, облыстық әкімідіктерге хат жаздық. Алайда олардың барлығы да тек бір ғана басшылыққа шешім қабылдауға бұйрық береді. Бұл - Өскемен қалалық білім беру бөлімі. Бөлімнің бізге қатысты бұйырып отырған шешімі көңілімізден шықпайды.

Қалалық білім беру бөлімінің мәлімдемесі бойынша, мекеменің мәртебесін өзгерту арқылы жұмысын жалғастыру қажет.

Ал балалар орталығы қызметкерлері мен сырқат балалардың ата-анасы бұл шешімге қарсы.

"Октябренок" балалар орталығын қолдау мақсатында петицияға қол жинау 22 мамыр күні сағат кешкі 17.00-ден 19.00-ге дейін "Статус" дүкені мен "Орталық Универсам" аялдамаларында жүргізілмек. 

Следующая →