Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Алимент төлемейтіндерге жаза күшеймек

Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, Өскемен қаласында сот шешімімен алимент төлеуге міндеттелген 7 мыңнан астам азамат өз борышын өтемей жүр

Одан бөлек жалпы сомасы 75 млн теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл төленбеген 3 мыңға жуық қаулы орындалмаған күйде қалып отыр. Бұл жайында Өскемен қалалық прокуратурасы мәлімдеген. 
Соған байланысты Өскемен қалалық прокуратурасында облыстық прокуратураның «Алиментті төле!», «Айыппұлды төле!» жобасын жүзеге асыруға бағытталған айыппұл салатын және айыппұл жөнінде шешім шығаратын ведомстволар арасындағы байланысты күшейту мен өзара бірлесе қызмет атқару мақсатында дөңгелек үстел өтті. 

Шараны ұйымдастыруға айыппұл төлеушілер мен алимент төлеушілердің көбеюі әрі аталмыш саладағы сот актілерін орындаудағы қиындықтардың орын алуы себеп болған. Әкімшілік айыппұл салынған азаматтар ұзақ уақыт бойы жауапкершіліктен жалтарып төлемей жүреді. Ал алимент төлеуші азаматтар өзінің туған баласына  нәпақа төлегісі келмей, өз міндетінен қашады. Олардың көпшілігі жұмыссыз ретінде тіркеліп, алимент төлемейді.  
Жобаны жүзеге асыру барысында жұмыссыз борышкерлерді Өскемен қаласы Жұмыспен қамту орталығына тіркеп, кейін жұмысқа орналастырылады. Жұмысқа орналасқан азаматтар кейін өз борышын төлейтін болады. 

Өзінің табысын жасырған, жұмысқа орналасудан бас тартқан алимент пен әкімшілік айыппұл төлеушілер заң шеңберінде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
Следующая →